1.3
Өнімге қатысты белгілер
1.3.1
Өнімдегі белгілер
Өнімде төмендегі белгілер пайдаланылуы мүмкін:
II қорғау класы (қос изоляция)
Тек бөлме ішінде пайдалану
Құрылғы iOS және Android платформаларымен үйлесімді NFC технологиясын қолдайды.
Пайдаланылған Hilti литий-ион аккумуляторларының сериясы. Қолдану мақсаты бөліміндеі
нұсқауларды орындаңыз.
Литий-иондық аккумулятор
Өнім бар болған жағдайда, өнім АҚШ пен канадалық нарықтар үшін осы сертификаттау
органдарында қолданыстағы стандарттарға сәйкес сертификатталады.
1.4
Өнім туралы ақпарат
өнімдері кәсіби пайдаланушыларға арналған және оларды тек қана өкілетті, білікті
қызметкерлер пайдалануы, күтім және техникалық қызмет көрсетуі тиіс. Қызметкерлер қауіпсіздік
техникасы бойынша арнайы нұсқау алуы керек. Өнім мен оның қосалқы құралдарын басқа мақсатта
қолдану немесе олардың оқытылмаған қызметкерлердің тарапынан пайдаланылуы қауіпті.
Түр сипаттамасы мен сериялық нөмір фирмалық тақтайшада берілген.
▶ Сериялық нөмірді төмендегі кестеге көшіріп қойыңыз. Өнім туралы мәліметтерді өкілдігімізге
немесе қызмет көрсету бөлімімізге сұрау беру арқылы алуға болады.
Өнім туралы мәліметтер
Радио қабылдағыш
Буын
Сериялық нөмір
1.5
Сәйкестілік декларациясы
Өндіруші осы нұсқаулықта сипатталған өнімнің қолданыстағы заңнамаға және қолданыстағы
стандарттарға сәйкес екендігін толық жауапкершілікпен жариялайды. Сәйкестілік декларациясының
суреті осы құжаттаманың соңында орналасқан.
Техникалық құжаттама мына жерде сақталған:
Hilti Entwicklungsgesellschaft mbH | Zulassung Geräte | Hiltistraße 6 | 86916 Kaufering, DE
2
Қауіпсіздік
2.1
Қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқаулар
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Барлық нұсқауларды оқып шығыңыз. Төменде берілген нұсқауларды орындау
кезіндегі қателер ток соғуына, өртке әкелуі және/немесе ауыр жарақаттарды тудыруы мүмкін.
Бұл нұсқауларды мұқият сақтаңыз.
Жұмыс орны
▶ Жұмыс орнын жақсы жарық түсумен қамтамасыз етіңіз.
▶ Аспап конструкциясына өзгертулер енгізуге және оны модификациялауға тыйым салынады.
▶ Аспап қабырғаға бекітуге арналмаған.
▶ Жұмыс орнындағы тазалықты және тәртіпті қадағалаңыз. Жұмыс орнындағы ретсіздік және нашар
жарық сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Өнім дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз
адамдардың (әсіресе балалардың) тарапынан пайдаланылуға арналмаған. Осы адамдарға жауапты
адам құрылғыны қауіпсіз қолдану жөнінде нұсқаулар беріп, олар құрылғыны пайдаланған кезде
қадағалап тұруы тиіс.
▶ Балаларға аспаппен ойнауға болмайтынын түсіндіріңіз.
262
Қазақ
R 6-22
01
2309424
*2309424*