• Көрсетілген су деңгейін сақтай отырып, пастаның толықтай суға толығымен
батырылғанына көз жеткізіңіз.
• Жаңа иленген ұннан жасалған пастаны әзірлеген кезде оны кішкене басып, паста
деңгейіне сәйкес судың қандай деңгейі қажет екенін тексерген жөн. Қаптамасында
көрсетілген әзірлеу уақыты 6 мин немесе одан да аз болатын жаңа иленген ұннан
жасалған пастаны әзірлемеген жөн. Дәмі көңілден шықпайды.
• Пастаны ешқашан сусыз пісірмеңіз. Микротолқыңды пеште тағам әзірлегенде
әрқашан онда судың бар екеніне көз жеткізіңіз.
• Микротолқыңды пеште тағам әзірлегенде қақпақты жаппаңыз, өйткені ол сыртына
шығып кетуі мүмкін.
• Жақсы нәтижеге жету үшін әзірлеу барысында пастаны араластырмаған жөн.
• Құрамында крахмалы көп паста әзірленген кезде жабысып қалуы мүмкін. Мұндай
жағдайда әзерлегеннен кейін пастаны сумен шайған жөн.
• Әзірленгеннен кейін паста жабысқақ болса, оны ыстық сумен шайса, көмегі тиюі
мүмкін.
• Тальятелле ұялары, вермишель, каннеллони, ньокки, өте майда паста мен кебекті
ұннан жасалған сияқты паста түрлерін Микротолқындық домалақ Tupperware
паста пісіргішінде әзірлемеген жөн. Пастаның бұл түрлері ыдыстың сыртына шығып
немесе бір-біріне жабысып қалуы мүмкін.
• Ыдыстың ішіндегісі әзірлеуден кейін ыстық болады. Ұстаған кезде пеш қолғаптарын
пайдаланыңыз.
• Ыстық бу Сізге тимес үшін және күйіп қалмас үшін қақпақты үнемі өзіңізден
алшақтап көтеріңіз.
• Дақ түсірмес үшін пастаға шафран, карри немесе басқа да түсті дәмдеуіштерді
қоспауды не қызанақ немесе карри негізді тағамдарды ысытпауды ұсынамыз. Дақ
түсуі өнімнің жұмысына әсер етпейді және ол Tupperware кепілдігінде қамтылмайды.
• Паста қалған жағдайда, қақпақты ашық қалдырып суытыңыз. Содан кейін қақпағын
жауып тоңазытқышқа қойыңыз. Егер пастаны кейінірек қайта жылытқыңыз келсе
(тек қана паста, ешбір май, тұздық, дәмдеуіш немесе басқа қоспаларсыз), кішкене
су қосып, қақпағын ашық күйде қалдырып 600 В ең жоғарғы мөлшерлі қуатта
жылытыңыз (Tupperware логотипі бар тілі астындағы су ағызатын тесікпен тектес
келгенін тексеріңіз).
• Қатты тағам иісінен немесе дақтардан қорғауға көмектесу үшін әрдайым
контейнерді қолданған соң бірден салқын сумен шайыңыз. Жинақтың барлық
бөліктерін ыдыс жуғыш машинада жууға болады.
• Бұжыр немесе өткір құралдарды пайдаланбаңыз.
• Микротолқындық домалақ Tupperware паста пісіргіші өнімі тек микротолқынды
пеште қолдануға арналған; оны ас үй плитасында, пеште немесе гриль астында
қолданбаңыз.
Tupperware сапа кепілдігі
Tupperware Микротолқындық домалақ Tupperware паста пісіргішіне барлық
Tupperware өнімдеріне сияқты қандай да бір материал не өндіру ақауы, әсіресе өнімді
нұсқауларға сай және қалыпты үй қолданысында пайдаланғанда ақауы орын алса
Tupperware компаниясы өндірген кез келген өнімнің ауыстырылуын қамтамасыз
ететін бірдей Сапа Кепілдігі беріледі.
www.tupperwarebrands.com мекенжайы