Herunterladen Diese Seite drucken

Tupperware Micro Pasta Maker Round Bedienungsanleitung Seite 50

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für Micro Pasta Maker Round:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 8
KK
Сізге қысқа пастаның әр түрін оңай және жылдам әзірлеуге мүмкіндік беретін
Микротолқындық домалақ Tupperware паста пісіргішін таңдағаныңыз
үшін алғысымысзды білдіреміз. Пастаны бір контейнерде әзірлеу, суын төгу,
даярлау және сақтау арқылы уақыт пен қуатыңызды үнемдеңіз. Әзірлеу және
өлшем бойынша нұсқаулар қақпақтың ішкі бетінде, ыдыс негізінің бүйір жағында
оймаланып көрсетілген.
мин 0°C
макс 900В
макс 120°C
макс 30 мин.
Қуатты үнемдеп, қоршаған ортаны қорғау мақсатында ыдыс жуғыш машинаны
төмен температуралы бағдарламаға қойып қолданыңыз.
Әзірлеу нұсқаулары (А сур.)
• Пастаны Микротолқындық домалақ Tupperware паста пісіргішіне ыдысына салып,
пастаның қай деңгейіне сәйкес келетінін қараңыз. Пастаның керекті мөлшерін
салу үшін ыдыс негізінде жазылған өлшем нұсқауларына жүгініңіз. Паста
деңгейлері көлденең тік сызықпен белгіленген (1).
• Сәйкес деңгей ұяшығында көрсетілген су деңгейіне дейін суық ауыз суын
құйыңыз. Су деңгейі паста деңгейі көрсеткішінен жоғары тұрған ұяшықта
толқынды сызықпен белгіленген. Қалауыңыз бойынша тұз қосыңыз. Тұз қосу
әзірлеу уақытына әсер етуі мүмкін (2).
• Қақпағын жаппай, микротолқынды пеште ең жоғарғы мөлшерлі 900 В
қуаттылығында әзірлеңіз (3). Суға сұйық май, май немесе кез келген басқа май
қоспаңыз, себебі ол Сіздің өніміңізді бүлдіруі мүмкін.
• Микротолқынды пеште тамақ әзірлеу уақытын паста қаптамасында көрсетілген
әзірлеу уақыты мен қалаулы мөлшерін ескере отырып, кестеге (Сур. С)
жүгініңіз (Микротолқындық домалақ Tupperware паста пісіргіші деңгейі). Жеке
қалауыңызға, микротолқынды пештің реттелімі мен паста түріне байланысты
микротолқынды пеште тамақ әзірлеу уақытын өзгерте аласыз (ең жоғарғы
әзірлеу уақыты 30 минуттан аспауы тиіс). Жоғарыдағы көрсеткіштер тек
нұсқаулар болып табылады және пастаның түріне байланысты құбылуы мүмкін.
• Микротолқындық домалақ Tupperware паста пісіргішін микротолқынды
пешіңізден пеш қолғаптарын киіп екі қолмен ұстап абайлап шығарыңыз.
Микротолқындық домалақ Tupperware паста пісіргішіне қақпағын ашулы түрде
орнатыңыз (Tupperware логотипі бар тілі астындағы су ағызатын тесікпен тектес
келгенін тексеріңіз). Екі жақта орналасқан тұтқасынан ұстап, суын шұңғылшаға
төгіп тастаңыз. Суды өзіңізден алыс ұстап төгіңіз (4).
• Пастаны ыстық күйінде сақтау үшін қақпақты 180° бұраңыз (жабулы түрде).
Төмендегі сақтық шаралары көңіліңіздің толықтығы мен қауіпсіздігіңіз үшін
берілген:
• Қолданбас бұрын жаңа өнімді міндетті түрде жуыңыз.
• Осы кітапшада берілген әзірлеу нұсқауларын қолданыңыз.
• Қақпақты ысытуға немесе тағамға арналған табақша ретінде қолданбаңыз (В
сур.).
• Өнімді тиісті түрде қолдану үшін әрдайым микротолқынды пеш өндірушісінің
нұсқау кітапшасын қараңыз. Егер Сізде айналмалы табақша бар болса, оның
Микротолқындық домалақ Tupperware паста пісіргішіне дұрыс орнатылып ЖӘНЕ
дұрыс айналатынын тексеріңіз.
• Микротолқындық домалақ Tupperware паста пісіргіші 0°C - 120°C температурасы
аралығында тағам үшін қауіпсіз. Мұздатқышқа салмаңыз. Жоғары температурада
(120°C-тан жоғары) тағам әзірлеу үшін қолданбаңыз.
• Бір мезгілде Микротолқындық домалақ Tupperware паста пісіргішінде әзірленетін
паста мен судың ЕҢ КӨП мөлшері жоғарғы ұяшықтағы MAX-сызығымен
көрсетілген. Осы ұяшықтағы көлденең тік сызыкпен пастаның ЕҢ КӨП мөлшері
көрсетілген. 500 гр-нан аспауы тиіс.
asDfGJHM

Werbung

loading