Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Қолданысқа Енгізу - Metabo B 650 Handbuch

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für B 650:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Кенет іске қосылуына жол бермеңіз: желілік аша
розеткадан суырылған немесе токпен
жабдықтау үзілген болса, әрдайым
ажыратқышты құлыптан босатыңыз.
Айналып тұрған жұмыс құралын ұстамаңыз!
Жоңқа мен баламалы материалдарды
құрылғының өшірулі күйінде ғана кетіріңіз.
Қатты материалдарды бұрау (метрлік немесе
дюймдік ирек оймасы бар бұрандаларды
болатқа бұрап бекіту) жағдайында назар
аударыңыз! Бұранда бастиегі сыну немесе
жоғары кері айналу моменті пайда болуы
мүмкін.
Жұмыс құралы қысылса немесе ілініп қалса,
қатты күш пайда болады. Аспапты әрдайым
күшпен ұстап тұрыңыз, тұрақты қалыпта
тұрыңыз
және бар назарыңызды орындалатын жұмысқа
аударыңыз.
Шағын дайындамаларды бекітіңіз. Мысалы,
оларды білдек қысқышында қысыңыз.
Шаң жүктемесін азайту:
ЕСКЕРТУ - Егеуқұм қағазымен ажарлау,
аралау, ажарлау, бұрғылау және басқа да
жұмыстарды өткізген кезде пайда болатын
шаңның кейбір түрлері обырды, туа біткен
кемістіктерді немесе көбею жүйесінің басқа да
зақымдарын тудыратыны белгілі химиялық
заттарды қамтиды. Мұндай химиялық
заттардың бірнеше мысалы:
- қорғасын қамтитын бояу ішіндегі қорғасын,
- құрылыс кірпіші, цемент пен басқа кірпіш қалау
заттектерінен пайда болатын минералды шаң
және
- химиялық жолмен өңделген сүректегі күшәла
және хром.
Тәуекел дәрежесі мұндай жұмыстардың түрі
қаншалықты жиі орындалатындығына тәуелді.
Мұндай химиялық заттардың әсерін азайту
үшін: жеткілікті түрде желдетілген жайларда
жұмыс істеңіз және жұмыс барысында
микроскопиялық бөлшектерді сүзгілеу үшін
арнайы әзірленген респиратор сияқты жеке
қорғаныс жабдығын қолданыңыз.
Бұл ереже басқа материалдардан, мысалы,
сүректің белгілі бір түрлерінен (емен немесе
шамшат сүрегінің шаңы), металдан, асбесттен
пайда болатын шаңға да қатысты болып келеді.
Басқа белгілі сырқаттарға, мысалы,
аллергиялық реакциялар және тыныс алу
жолдарының сырқаттары жатады. Шаңның
денеге енуін болдырмаңыз.
Материалыңыз, қызметкерлер, жұмыс жағдайы
мен жұмыс орны бойынша қолданылатын
директиваларды және ұлттық нұсқамаларды
сақтаңыз (мысалы, еңбекті қорғау ережелері,
кәдеге жарату).
Пайда болатын бөліктерді дәл сол жерде
жинаңыз, қоршаған ортаға түсуіне жол
бермеңіз.
Арнайы жұмыстар үшін жарамды керек-
жарақтарды пайдаланыңыз. Осылайша
қоршаған ортаға бақылаусыз түсетін
бөліктердің мөлшері азайтылады.
Арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Шаң жүктемесін азайту үшін:
- пайда болатын бөліктерді және аспаптың ауа
ағынын өзіңізге, айналаңыздағы адамдарға
немесе жатқан шаңға бағыттамаңыз,
- сорғыш қондырғыны және/немесе ауа
тазалағышты қолданыңыз,
- жұмыс орнын жақсылап желдетіңіз немесе
сору арқылы таза күйде ұстаңыз. Қалықтап
жатқан шаңды сыпырыңыз немесе үрлеп
шығарыңыз.
- Қорғаныш киімді жуыңыз немесе шаңын
сорыңыз. Үрлеуге, қағуға немесе қылшақпен
тазалауға болмайды.
5. Шолу
2-бетті қараңыз.
1 Бұрғылау патронының кілті
(тісті тәжі бар бұрғылау патроны үшін) *
2 Тісті тәжі бар бұрғылау патроны *
3 Жылдам қысылатын бұрғылау патроны *
4 Бұрғылау тереңдігінің шектегіші *
5 Қосымша тұтқыш *
6 Айналу бағытын ауыстырып-қосқыш *
7 Бұрғылау/соққымен бұрғылау ауыстырып-
қосқышы *
8 Импульстік функцияға арналған астыңғы
селектор *
9 Бекіткіш түйме (үздіксіз жұмыс режимі)
10 Тұтқыш
11 Батырма ауыстырып-қосқыш
12 Айналу жиілігін алдын ала таңдауға
арналған реттегіш дөңгелек *
* жабдықталуға/үлгіге байланысты
6. Қолданысқа енгізу
Қолданысқа енгізу алдында фирмалық
тақтайшада көрсетілген номиналды
кернеу мен номиналды жиілік ток желіңіздің
деректеріне сәйкес келетіндігіне көз
жеткізіңіз.
Әрдайым макс. жылыстау тогы 30 мА
құрайтын FI автоматты ажыратқышын
(RCD) алдын ала қосыңыз.
BE 650, SBE 650, SBE 650 Impuls:
Бұрғылау патронының берік ұсталуын
қамтамасыз ету үшін: алғаш рет
бұрғылағаннан кейін (оң жаққа айналу) бекіткіш
бұранданы бұрғылау патронының ішіне
бұрауышпен
мықтап тартып қойыңыз. Назар аударыңыз:
солға қарай бұрау керек!
(7.9 бөлімін қараңыз)
ҚАЗАҚША kk
67

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Be 650Sbe 650Sbe 650 impuls

Inhaltsverzeichnis