Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GKF 600 Professional Originalbetriebsanleitung Seite 126

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GKF 600 Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
126 | Қазақ
Жылдам кесілетін болаттан (HSS) жасалған қуатты
фрезалар жұмсақ ағаш пен пластик сияқты жұмсақ
материалдарды өңдеуге жарамды.
Қатты құймалы (HM) кескіш жиекті фрезалар қатты
ағаш және алюминий сияқты қатты және абразивті
материалдарға арналған.
Bosch керек-жарақтарының кең бағдарламасына жататын
айрықша фрезаларды дилеріңізден алуға болады.
Тек ақаусыз және таза фрезаларды пайдаланыңыз.
– Шпиндельді бұғаттау түймесін (9) (➊) басып, ұстап
тұрыңыз. Қажет болса, шпиндельді ысырма
тірелгенше қолмен азғантай бұраңыз.
Шпиндельді бұғаттау түймесін  (9) қозғалыссыз
күйде ғана басыңыз.
– Салмалы гайканы (5) айыр тәрізді кілтпен (15) сағат
тілінің бағытына қарсы (➋) бұрау арқылы босатыңыз.
– Фрезаны цангалы қысқышқа енгізіңіз. Фреза білігі
цангалы қысқышқа кемінде 20 мм-ге кіргізілуі тиіс.
– Салмалы гайканы (5) айыр тәрізді кілтпен (15) сағат
тілінің бағытымен бұрау арқылы мықтап тартыңыз.
Шпиндельді бұғаттау түймесін (9) жіберіңіз.
Қысқышты жаппа сомынмен фреза орнатылған
u
болмаса, ешқашан тартып қоймаңыз. Әйтпесе
қысқаш зақымдануы мүмкін.
Фреза қорабын монтаждау (E суретін қараңыз)
Фрезерлеу үшін фреза қорабын (2) жетек блогына (1)
қайта орнату керек.
Қысқыш иінтірек (10) жабық болса, оны ашыңыз.
Жетек механизміндегі және фреза қорабындағы (2) екі
қос көрсеткіні бір-бірінің үстіне орнатыңыз.
Жетек блогын фреза қорабына жылжытып, екі жетек
блогын,
таңбаламасы
белгісіне қарап тұрғанша,
сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Жетек блогын фреза қорабына ары қарай жылжытыңыз.
Фреза қорабын монтаждағаннан кейін
таңбаламасымен жетек блогындағы
Қысқыш иінтіректі жауып қойыңыз.
Әрқашан орнатудан кейін жетек блогының
u
фрезерлеу қорабында берік тұрғанын тексеріңіз.
Қажет болса, қысқыш иінтіректің (10) алдын ала керілісін
өзгертіңіз (қараңыз „Қысқыш иінтіректі реттеу (O суретін
қараңыз)", Бет 128).
Шаңды/жоңқаны сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
1 609 92A 57W | (01.04.2021)
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Іске қосу
Қосу/өшіру
Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (11) I күйіне
орнатыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (11) 0 күйіне
орнатыңыз.
Кесу тереңдігін орнату
Кесу тереңдігін орнатуды тек электр құрылғы
u
өшірулі кезде орындау керек.
Фрезерлеу тереңдігін шамамен реттеу үшін (F суретін
қараңыз) келесідей әрекет етіңіз:
– Фрезасы монтаждалған электр құралын өңделетін
дайындамаға қойыңыз.
– Қысқыш иінтірек (10) жабық болса, оны ашыңыз.
– Фреза қорабын (2)
бұрап, жетек блогын, фреза дайындамаға тигенше,
баяу төмен бағыттаңыз.
белгісіне бұраңыз.
– Қысқыш иінтіректі жауып қойыңыз.
– Шкаладағы (8) өлшемді оқып, мәнін жазып алыңыз
(теңестіру). Осы мәнге қажетті фрезерлеу тереңдігін
қосыңыз.
– Қысқыш иінтіректі ашып, жетек блогын есептелген
шакала мәніне орнатыңыз.
– Фреа қорабын
қысқыш иінтіректі қайтадан жауып қойыңыз.
– Фрезерлеу тереңдігінің реттелгенін тәжірибе арқылы
тексеріп, қажетінше түзетіңіз.
Фрезерлеу тереңдігін келесідей дәлдеп реттеуге болады:
– Қысқыш иінтірек (10) ашық болғанда, жетек блогын
таңбаламасымен
– Реттегіш дөңгелекпен (3) қажетті фрезерлеу
тереңдігін реттеп шығыңыз.
– Қысқыш иінтіректі жауып қойыңыз.
таңбаламасымен
белгісіне
таңбаламасымен
белгісіне бұрап,
белгісіне орнатыңыз.
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis