Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GHO 12V-20 Professional Originalbetriebsanleitung Seite 134

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GHO 12V-20 Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
134 | Қазақ
Жонғы пышағын алып тастау (A суретін қараңыз)
Жонғы пышағын (17) аудару немесе алмастыру үшін
пышақ бастиегін (19) жылжымалы жонғы табандығымен
(14) параллель болғанша айналдырыңыз.
➊ 2 бекіткіш бұранданы (21) алты қырлы дөңбек
кілтпен (18) шамамен 1 – 2 айналымға босатыңыз.
➋ Қажет болса, қысқыш элементті (20) ағаш сынасы
сияқты арнайы құралмен кішкене қағу арқылы
босатыңыз.
➌ Пышақ білігінің бүйірлік қорғанысын (8) төмен
итеріп, ағаш кесігінің көмегімен жонғы пышағын
(17) бүйірінен пышақ бастиегінен (19) жылжытып
шығарыңыз.
Жонғы пышағын орнату (B суретін қараңыз)
Жонғы пышағын бағыттау ойығы арқылы алмастыру
немесе аудару кезінде бірдей биіктік қамтамасыз етіледі.
Қажет болса, қысқыш элементтегі (20) пышақ орнын
және жонғы пышағын (17) тазалаңыз.
Жонғы пышағын орнату кезінде оның қысқыш элементтің
(20) бекіткіш бағыттауышында кедергісіз тұрғанына және
жонғы табандығының (9) шеткі қырына бағытталғанына
көз жеткізіңіз. Содан кейін 2 бекіткіш бұранданы (21)
алты қырлы дөңбек кілтпен (18) тартыңыз.
Нұсқау: қолданысқа енгізу алдында бекіту
бұрандаларының (21) берік бекітілгенін тексеріп
шығыңыз. Пышақ бастиегін (19) қолмен айналдырып,
жонғы пышағының еш жерде шығып тұрмағанына көз
жеткізіңіз.
Нұсқау: тартпада (7) қосалқы пышақты (17) сақтауға
болады (E суретін қараңыз).
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды (13) жүйелі
түрде тазалап тұрыңыз. Ол үшін электр құралын өшіріңіз.
Жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды шығарып
1 609 92A 4LD | (19.02.2019)
қағыңыз. Бітелген жоңқаны шығаруға арналған келте
құбырды тазалау үшін тиісті құралды, мысалы, ағаш
кесіндісін, қысылған ауаны және т.б. пайдаланыңыз.
Шығарылған жоңқаларды қолмен алмаңыз.
u
Айналатын бөлшектерден жарақат алуыңыз мүмкін.
Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін бөлек сорғыш
құралды немесе шаң/жоңқа жинағыш қапты
пайдаланыңыз.
Сыртқы сорғыш (C – G және H суреттерін қараңыз)
Жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды (13) алып
тастаңыз.
Электр құралына екі жағынан сору адаптерін (24) (керек-
жарақ) сорғыш шлангімен (диаметрі 35 мм) (22) (керек-
жарақ) бірге салуға болады.
Алдымен сору адаптерін (24) электр құралына салыңыз.
Сору адаптерінің құлпын (25) бекітіңіз. Содан кейін
сорғыш шлангіні (22) сору адаптеріне (24) екі батырма
(26) шерту дыбысымен тірелгенше енгізіңіз.
Сорғыш шлангіні (22) шаңсорғышқа (керек-жарақтар)
жалғаңыз. Осы нұсқаулықтың соңында әртүрлі
шаңсорғыштарға жалғау әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін дайындамаға сәйкес келуі тиіс.
Денсаулыққа зиянды, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Жеке сорғыш (C және I суреттерін қараңыз)
Жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды (13) алып
тастаңыз.
Шағын жұмыстарда шаң/жоңқа жинағыш қапты (керек-
жарақ) (23) пайдалануға болады.
Шаң/жоңқа жинағыш қапты (23) электр құралына
салыңыз. Шаң/жоңқа жинағыш қаптың құлпын (25)
бекітіңіз.
Шаң/жоңқа жинағыш қапты (23) дер кезінде босату
арқылы шаң соруды оңтайлы күйде сақтайсыз.
Реттелетін жоңқа шығуы
Жоңқаны шығару бағытын белгілеу үшін жоңқаны
шығаруға арналған келте құбырды (13) жонғының оң
немесе сол жағына енгізіңіз.
Жоңқаны шығаруға арналған келте құбыр (13)
енгізілмеген болса, шаң мен жоңқа жонғының екі
жағынан шығарылады.
Пайдалану
Нұсқау: электр құралы барлық Bosch 10,8 В және 12 В
аккумуляторларымен бірге жұмыс істей алады. Оңтайлы
қуат үшін қуаттылығы кем дегенде 2,5 A-сағ
аккумуляторларды пайдаланған жөн.
Пайдалану түрлері
Жоңқалау тереңдігін реттеу
Нұсқау: электр құралы 1 мм-ге дейінгі кесу тереңдігіне
оңтайландырылған.
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis