Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Marta MT-1172 Bedienungsanleitung Seite 19

Inhaltsverzeichnis

Werbung

KAZ
БУ СТАНЦИЯСЫМЕН ЖҦМЫС ІСТЕУ
Бу станциясын қоспай тұрып қоймада су қалдықтары жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Бу станциясымен жұмысты аяқтаған сайын су
қалдықтарын қоймадан төгіңіз. Бұл ережені сақтамау қойма ішінде қақтың жылдам пайда болуына әкеледі.
Құрылғы қоймасына ешқашан судан басқа сұйықтықтарды құймаңыз! Құрылғыны желіге қосу алдында қойма қақпағы тығыз жабық
тұрғанына көз жеткізіңіз!
Қуат сымының ашасын электр желісінің розеткасына қосыңыз. Жасыл индикатор жанғанша күтіңіз, бұл бу станциясы жұмысқа дайын
екенін және қойма ішінде қажет қысымға (4атм) қол жеткізілгенін білдіреді. Жұмысты бастау алдында қажет саптаманы бекітіңіз.
Саптамаларды тек өз мақсатына сай және осы нұсқаулыққа сай қолданыңыз.
Құрылғы жұмысының бірінші секундтарында, қысым айдалып жатқанда буда су тамшылары болуы мүмкін, сондықтан жұмысты бастау
алдында шұңғылшаға немесе ваннаға буды бірнеше рет шығару ұсынылады. Қажет болса, бу шығару түймесін басып, бу реттегішінің
көмегімен қысымды азайтыңыз немесе арттырыңыз.
Құрылғыдағы жасыл индикаторды бақылауды ұмытпаңыз. Ол қызыл түспен жанса, бұл қоймадағы су бітіп жатқанын білдіреді.
Жұмысты жалғастыру қажет болса, құрылғы қуат желісінен өшіріңіз, құрылғының салқындауын күтіңіз және қойманы қайтадан
толтырыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Құрылғының салқындауын күтпестен қойманы ашсаңыз, ыстық қойманы сумен толтырғанда күйіктер
пайда болуы мүмкін! Қойманы толтыруды бастау алдында бу толығымен шығарылғанына көз жеткізіңіз! Бу құрылғыдан 4 атмосфера
қысымымен берілетінін және құрылғыны абайламай пайдалану ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін екенін есте сақтаңыз!
Толық салқындамай тұрып, бу толығымен шықпай тұрып және құрылғы ішіндегі қысым азайтылмай тұрып су қоймасын толтыруға
мүлде тыйым салынады! Сатушы құрылғыны салақ пайдалану немесе осы пайдаланушы нұсқаулығының нұсқауларын сақтамау
тудырған салдарларға жауапты емес!
Басып, сағат тіліне кері бұрау арқылы қойма қақпағын бұрап
алыңыз. Өлшеу стаканын қолданып қойманы толтырыңыз. Қойма
қақпағын қайтадан берік түрде бұраңыз. Қоймадағы судың ең көп
көлемі 1,5 л екенін есте сақтаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Бу станциясының тіпті ұзақ емес
жұмысы үшін де қоймасында 0,5 - 1,2 л су болуы керек.
19
MT-1172

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis