Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Батареяны Тасымалдау; Қызмет Көрсету Және Жөндеу; Тастау; Батареяны Жою - RIDGID RBC-121 Bedienungsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für RBC-121:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 31
RBC-121 батарея зарядтағышы
жоғары және төмен температуралар және хими-
ялық ерітінділер мен булар әсерінен қорғалуы
қажет.
Толық зарядталған күйде, толық
ЕСКЕРТПЕ
разрядталған күйде немесе 140°F (60°C) жоғары
температураларда ұзақ уақыт бойы сақтау бата-
рея жинағының қуаттылығын біржолата төмен-
детуі мүмкін.
Батареяны тасымалдау
RIDGID литий ионды батареялары ST/SG/
AC.10/11/Rev/3 БҰҰ құжаты III Бөлім, 38.3 Ішкі
бөлімінің талаптарына сәйкес сынақтан сәтті
өткен және қысқа мерзімге тұйықтауды және
ақаулыққа әкелуі мүмкін басқа зақымды бол-
дырмайтын түрде оралған. Литий батареялары
тасымалдау түріне қарай реттелетін қауіпті ма-
териал болуы мүмкін. Федералдық ережелер
талаптарын қараңыз.
Зақымдалған немесе ақаулы батареяларды
әуемен тасымалдамау керек.
Қызмет көрсету және
жөндеу
AVERTISSEMENT
Орынсыз қызмет көрсету немесе жөндеу құрылғы
пайдалануын қауіпті етуі мүмкін.
Зарядтағыш немесе батарея жинақтары үшін
пайдаланушы қызмет көрсете алатын бөліктері
жоқ. Зарядтағышты немесе батарея жинақта-
рын ашуға, жеке батарея элементтерін заряд-
тауға немесе ішкі құрамдастарын тазалауға
әрекеттенбеңіз.
Жақын жердегі RIDGID тәуелсіз қызмет көрсету
орталығы туралы ақпарат алу немесе қандай
да бір қызмет немесе жөндеу туралы сұрақтар
қою үшін:
• Жергілікті RIDGID дистрибьюторына хабарла-
сыңыз.
• Жергілікті RIDGID байланыс орнын табу үшін
www.RIDGID.com торабына кіріңіз.
• Ridge Tool Техникалық қызмет бөліміне
rtctechservices@emerson.com торабында ха-
барласыңыз немесе АҚШ және Канада ау-
мағында (800) 519-3456 нөміріне қоңырау
шалыңыз.
204
Тастау
Батареялар литий ионды болып та-
былады және оларды қайта өңдеу
қажет.
Құрылғы бөліктерінде құнды матери-
Li-Ion
алдар бар және оларды қайта өңде-
уге болады. Қайта өңдеу компанияларын жер-
гілікті жерден табуға болады. Компоненттерді
барлық қолданылатын ережелерге сай тастаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін жергілікті қал-
дықтарды өңдеу өкілетті орнына хабарласыңыз.
ЕО елдері үшін: Электр жабдығын
тұрмыстық қоқыстармен бірге та-
стамаңыз!
Еуропа елдерінің 2012/19/EU
Қалдық электр және электрондық
жабдық бойынша ережелеріне
және олардың мемлекеттік заңнамаға енгізілуіне
сәйкес, бұдан әрі пайдаланылмайтын электр
жабдығы бөлек жиналып, қоршаған ортаға зиян
келтірмейтіндей тасталуы керек.
Батареяны жою
АҚШ және Канада үшін: Батарея жинақтарын-
дағы RBRC™ (Қайта зарядталатын батареяларды
қайта өңдеу корпорациясы) пломбасы RIDGID
компаниясының литий ионды батарея жинақта-
рының жарамдылық мерзімі біткеннен кейін
олардың қайта өңдеу құнын әлдеқашан төле-
генін білдіреді.
RBRC™, RIDGID® және басқа батарея
жеткізушілері қайта зарядталатын
батареяларды жинау және қайта
өңдеу үшін АҚШ пен Канадада
бағдарламаларды әзірлеп шығарды. Қалыпты
және қайта зарядталатын батареяларда та-
биғатта тікелей тасталмауы керек материалдар
және қайта пайдалануға болатын құнды ма-
териалдар болады. Пайдаланылған батарея-
ларды қайта өңдеу үшін жергілікті бөлшектік
сатушыға немесе өкілетті RIDGID қызмет ор-
талығына қайтару арқылы қоршаған ортаны
қорғауға және табиғи ресурстарды сақтауға
көмектесіңіз. Жергілікті қайта пайдаға жарату
орталығы, сонымен қатар, сізге қосымша та-
стау орындарын береді.
RBRC™- Rechargeable Battery Recycling
Corporation тіркелген сауда белгісі.
ЕО елдері үшін: Ақаулы немесе пайдала-
нылған батарея жинақтарын/батареяларды
2012/19/EU талаптарына сәйкес қайта өңдеу
керек.

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis