Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Philips 989803166031 Bedienungsanleitung Seite 135

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Мақсатты қолданысы
Philips қайта пайдалануға болатын электрод адаптері лицензиясы бар
дəрігер немесе басқа денсаулық қорғау провайдері тарапынан немесе
оның бақылауымен пайдалануға арналған. Бұл адаптер сым мен ЭКГ
электродтары арасындағы қосылымды қамтамасыз етеді.
Үйлесімділік
989803166031 электрод адаптері 3-4 мм (0,12-0,16 дюйм) «банан» ашасы
бар кез келген стандартты бақылау сымын қабылдайды.
989803193821 электрод адаптері аналық қауіпсіздік DIN (42802)
ашасымен келетін кез келген стандартты бақылау сымын қабылдайды.
Адаптерлерді қыстырғыш жəне құлақша электродтардың екеуіне де
құлыптап бекітуге болады. (Ескертпе: бас жағының диаметрі
3,6 мм-ден (0,41 дюймнен) кіші немесе 3,8 мм-ден үлкен электродтарды
қолданбау керек.)
Тастау
Зақымды немесе бұзылғанын көрсететін белгілері бар кез келген
сенсорды бірден тастаңыз. Емделушіге күтім көрсету мекемесінде немесе
жергілікті ережелерде көрсетілген қоқыс тастаудың рұқсат етілген
əдістерін пайдаланыңыз.
Абайлаңыз!
• Адаптерді МРТ жабдығымен пайдаланбаңыз.
• Пайдаланбастан бұрын адаптерді əрқашан тексеріңіз. Қарап
тексергенде зақым, ластану байқалса немесе адаптерде металл
серіппенің тот басу белгілері немесе пластмасса корпустың нашарлауы
көрінген жағдайда пайдаланбаңыз.
• Сымды адаптерден ажырату кезінде міндетті түрде «банан»/DIN
ашасынан ұстап суырыңыз. Кабельден немесе сымнан ұстап тартпаңыз.
• Адаптерді ешқашан сұйықтыққа батырмаңыз. Адаптер зақымдалуы, тот
басуы мүмкін.
• Адаптерді автоклавпен, радиациямен немесе бу əдістері арқылы
стерильдеуге болмайды. Осы құжаттағы Тазалау жəне стерильдеу
бөлімдерін қараңыз.
Таңбалар жəне анықтамалар
Өнім орамында қолданылған таңбалардың анықтамалары i-ii бетінде беріледі.
Қолдану нұсқаулары
Адаптерді тіркеу немесе шығарып алу үшін осы нұсқаулықтың
басындағы iii-v беттеріндегі қадамдарды орындаңыз.
29
KK
Қазақша

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

989803193821

Inhaltsverzeichnis