Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Philips LivingColors 69164/31/PH Handbuch Seite 106

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 16
6. Қосымша қолдау
Қызмет көрсету:
Қосымша ақпарат керек болса немесе қандай да бір мәселелер пайда болса,
www.consumer.philips.com мекенжайы бойынша Philips компаниясының веб-торабына
өтіңіз немесе Philips жарықтандыру өнімдері бойынша байланыс орталығына мына
тегін телефон арқылы хабарласыңыз: 00800-PHILIPSL немесе 00800-74454775
Кепілдік:
Өнім нұсқауларға сай және мақсаты бойынша қолданылған болса, Philips
компаниясының екі жылдық кепілдігі жарамды болады. Кепілдік бойынша арыздар
тек сатып алынған күні, сатқан мекеменің аты және өнім сипаттамасын қамтитын
түпнұсқалы сатып алу құжаты (инвойс, сатқан мекеменің түбіртегі немесе чек) болса
ғана, қабылданады.
Philips кепілдігі келесі жағдайларда жарамсыз болады:
Сатып алу құжатында немесе өнім сипаттамасында кез келген нәрсе
өзгертілген, сызылған, өшірілген немесе түсініксіз болғанда.
Зақым, нашар байланыс немесе дұрыс қолданбау салдарынан жұмыс істемесе.
Найзағай, су тасқыны, өрт, дұрыс қолданбау немесе немқұрайдылық сияқты
LivingColors шамдарына тікелей қатысты емес жағдайлар барысында зақым
келгенде.
LivingColors шамы ашылған немесе бөлшектенген жағдайда.
Қауіпсіздік нұсқаулары:
Штепсельдік ұшты және LivingColors шамдарын сұйық заттар мен ылғалдан
аулақ ұстаңыз.
LivingColors тек үй ішінде қолдануға арналған. Жуынатын бөлме сияқты
ылғалды жерлерде немесе сыртта қолдануға болмайды.
LivingColors балалар ойнайтын ойыншық емес.
Беті ыстық жерге қоймаңыз
Қауіпсіздік шараларын қадағалау мақсатында, сондай-ақ кепілдік шарттары
бойынша LivingColors шамын және штепсельдік ұшты ашуға болмайды.
Берілген қуат адаптерін ғана пайдалану керек. Басқа адаптер LivingColors түрлі
түсті және түссіз жарық шамын зақымдауы мүмкін.
Тазалау және техникалық қызмет көрсету:
Сырып алмас үшін, LivingColors қашықтан басқару құралын тек жұмсақ дымқыл
шүберекпен ғана сүрту керек.
Тазалау құралдарын қолдануға болмайды.
Ыстық беттерге қоюға болмайды.
Қоршаған орта:
құралды уақыты келгенде тастайтын болсаңыз, жергілікті басқару органының
нұсқауларына сүйеніп тастаңыз. Қашықтан басқару құралын тастамас бұрын,
батареяларын алып тастаңыз. Батареяларды әдеттегі үй қоқыстарымен бірге тастауға
болмайды. Оларды арнайы жинайтын орынға немесе Philips дилеріне апару керек.
Осы екі жерде батареяларды қоршаған ортаға қауіпсіз жолмен жояды.
106

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis