Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch UniversalDrill 18V-60 Originalbetriebsanleitung Seite 140

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für UniversalDrill 18V-60:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
140 | Қазақ
Аккумуляторды шешу
Аккумуляторды алу үшін аккумуляторды босату түймесін
басып, электр құралынан тартып шығарыңыз. Осы кезде
күш салмаңыз.
Аккумулятордың зарядталу күйі индикаторы
Аккумуляторды зарядтау күйінің индикаторы (9) бірнеше
секунд жартылай немесе толық басылған қосқыш/
өшіргіш (11) күйінде аккумулятордың зарядталғанын
көрсетеді және 3 жасыл жарық диодын қамтиды.
Жарық диоды
Үздіксіз жарық 3 x жасыл
Үздіксіз жарық 2 x жасыл
Үздіксіз жарық 1 x жасыл
Баяу жыпылықтау 1 x жасыл
Аккумулятор температурасы –30 және +65 °C
аралығындағы жұмыс температурасынан тыс болса
және/немесе артық жүктеу қорғанысы іске қосылса,
аккумулятор зарядының деңгейі индикаторының 3
жарық диоды жылдам жыпылықтайды.
Құралды ауыстыру (A суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспап жұмыс кезінде қатты
u
қызып кетуі мүмкін. Оны ұстамай тұрып, суығанын
күтіңіз.
Ажыратқыш (11) басылмаған кезде бұрғылау шпинделі
бекітіледі. Бұл бұрғы патронында алмалы-салмалы
аспапты жылдам, оңай және жай алмастыруға мүмкіндік
береді.
Жылдам тартылатын бұрғылау патронын (2) айналу
бағытында ➊ бұрау арқылы аспап орнатылғаныша
ашыңыз. Аспапты орнатыңыз.
Жылдам тартылатын бұрғылау патронының (2) төлкесін
айналу бағытымен ➋ қолмен мықтап бекітіңіз. Бұрғылау
патроны автоматты түрде бекітіледі.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
1 609 92A 7WM | (03.06.2022)
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Нұсқау: Электр құралыңызға арналмаған аккумуляторды
пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе электр құралының
зақымдануына алып келуі мүмкін.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (10) ұяшыққа
Қуаты
бекітілгенін және ұяшыққа берік тиіп тұрғанын сезгенше
75–100 %
салыңыз. Зарядталған аккумуляторды (7) разъемға
бекітілгенін және разъемға тығыз тиіп тұрғанын сезгенше
40–75 %
салыңыз.
15–40 %
Бұрау бағытын реттеу (B суретін қараңыз)
0–15 %
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (10) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (11) басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: бұрғылау және шуруптарды
бұрап бекіту үшін айналу бағытының ауыстырып-
қосқышын (10) солға тірелгенше басыңыз.
Сол жаққа айналу бағыты: шуруптарды босату немесе
бұрап алу үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын
(10) оңға тірелгенше басыңыз.
Ажыратқыш
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (11)
басып тұрыңыз.
Жарық диоды (8) қосу/өшіру қосқышы (11) сәл немесе
толық басылғанда жанып, жарық жеткіліксіз жұмыс
аймақтарын жарықтандыруға мүмкіндік береді.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (11)
жіберіңіз.
Айналу моментін орнату
Қосқышты/өшіргішті (11) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті (11) жай басқанда, электр құрал
төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші
күшейгенде айналу саны артады.
Айналдыру моментін орнату
Айналдыру моментін алдын ала реттеу сақинасының (3)
қажет айналдыру моментін 20 қадаммен таңдауға
болады. Дұрыс орнатқанда жұмыс құралы бұранда
материалымен біртегіс бұрап бекітіле сала немесе
Bosch Power Tools

Werbung

loading