Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch GLM 50-27 CG Professional Originalbetriebsanleitung Seite 301

Werbung

Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен
u
зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне арналған,
оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану өрт қаупін тудырады.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн
жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз.
Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды.
Өлшеу құралы радио ұяшығымен жабдықталған. Жергілікті пайдалану
u
шектеулерін, мысалы, ұшақтарда немесе емханаларда ескеріңіз.
Bluetooth® сөз белгісі, сондай-ақ сурет белгілері (логотиптер) Bluetooth SIG, Inc
компаниясының тіркелген сауда белгілері және жеке меншігі болып табылады.
Осы сөз/сурет белгісінің Robert Bosch Power Tools GmbH тарапынан әр
қолданылуы лицензия бойынша жүзеге асады.
Абай болыңыз! Өлшеу құралын Bluetooth® бен пайдалануда басқа құралдар
u
мен жабдықтар, ұшақ және медициналық құралдар (мысалы,
кардиостимулятор, есту құралдары) жұмысында кедергілер пайда болуы
мүмкін. Сондай-ақ жақын тұрған адамдар мен хайуандарға зиян тудыру
қаупін толық жою мүмкін емес. Өлшеу құралын Bluetooth® бен медициналық
құралдар,жанар май бекеттері, химиялық жабдықтар, жарылу қаупі бар
және жарылатын аймақтар жанында пайдаланбаңыз. Өлшеу құралын
Bluetooth® бен ұшақтарда пайдаланбаңыз. Денеге жақын аймақта ұзақ уақыт
пайдаланбаңыз.
Штепсельдік қуат блогы бойынша қауіпсіздік
техникасының нұсқаулары
Осы штекерлік қуат блогын балалар және дене, сезім немесе ақыл-ой
u
қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар
пайдаланбауы тиіс. Осы штекерлік қуат блогын 8 жастан асқан балалар және
дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен
білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты адамның
бақылауында болған және штекерлік қуат блогын қауіпсіз пайдалану туралы
нұсқау алып, қатысты тәуекелдерді түсінген жағдайда ғана пайдалана алады.
Кері жағдайда дұрыс пайдаланбау және жарақат алу қаупі туындайды.
Штекерлік қуат блогын жаңбырдан немесе ылғалдан қорғаңыз. Штекерлік
қуат блогының ішіне су кірсе, ток соғу қаупі артады.
Bosch Power Tools
Қазақ | 301
1 609 92A 7P9 | (07.06.2022)

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

Glm 50-27 c professional