Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch PSB 1800 LI-2 Originalbetriebsanleitung Seite 123

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Ажыратқыш (13) басылмаған кезде бұрғылау шпинделі
бекітіледі. Бұл бұрғы патронында алмалы-салмалы
аспапты жылдам, оңай және жай алмастыруға мүмкіндік
береді.
Жылдам тартылатын бұрғылау патронын (2) айналу
бағытында ➊ бұрау арқылы аспап орнатылғаныша
ашыңыз. Аспапты орнатыңыз.
Тез қысу патронының (2) гильзасын қолмен ➋ бағытында
сартылдаған дыбыс кеткенше бұраңыз. Бұрғылау
патроны автоматты түрде бекітіледі.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Нұсқау: Электр құралыңызға арналмаған аккумуляторды
пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе электр құралының
зақымдануына алып келуі мүмкін.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (8) ұяшыққа
бекітілгенін және ұяшыққа берік тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз. Зарядталған аккумуляторды (10) разъемға
бекітілгенін және разъемға тығыз тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз.
Айналу бағытын реттеу (C суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (8) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (13) басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: бұрғылау және шуруптарды
бұрап бекіту үшін айналу бағытының ауыстырып-
қосқышын (8) солға тірелгенше басыңыз.
Оңға айналу бағытының индикаторы (6)
ажыратқыш (13) қосулы болғанда және
қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда жанады.
Bosch Power Tools
Сол жаққа айналу бағыты: бұрандалар мен
сомындарды босату немесе бұрап алу үшін айналу
бағытының ауыстырып-қосқышын (8) оңға тірелгенше
басыңыз.
Солға айналу бағытының индикаторы (7)
ажыратқыш (13) қосулы болғанда және
қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда жанады.
Айналу моментін алдын ала таңдау (D суретін
қараңыз)
Айналу моментін реттегіш сақинаның (3) көмегімен
қажетті айналу моментін 20 деңгей бойынша алдын ала
таңдауға болады. Дұрыс реттелген жағдайда, бұранда
материалға нық бұрап бекітілгенде немесе реттелген
айналу моментіне жеткенде, алмалы-салмалы тоқтап
қалады.
күйінде бекіткіш тіркесім, мысалы, бұрғылау
үшін ажыратылады.
Бұрандаларды бұрап шығару кезінде жоғарырақ реттеуді
таңдаңыз немесе қажет болса,
Жұмыс режимін реттеу (E суретін қараңыз)
Бұрғылау
Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты
(4) "Бұрғылау" белгісіне орнатыңыз.
Бұрап бекіту
Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты
(4) "Бұрап бекіту" белгісіне орнатыңыз.
Айналу моментін реттегіш сақинаны (3)
қалаулы айналу моментіне орнатыңыз.
Соққымен бұрғылау
Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты
(4) "Соққымен бұрғылау" белгісіне
орнатыңыз.
Механикалық берілісті таңдау (F суретін қараңыз)
Берілісті таңдау ауыстырып-қосқышын (5) электр
u
құрылғысы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Беріліс ауыстырып-қосқышы (5) арқылы 2 айналу
жиілігінің диапазонын таңдауға болады.
I беріліс:
Төмен айналымдар саны; үлкен бұрғылау диаметрімен
бұрау немесе жұмыс істеу үшін.
II беріліс:
Жоғары айналымдар саны; кіші бұрғылау диаметрімен
жұмыс істеу үшін.
Берілісті таңдау ауыстырып-қосқышы(5) соңына дейін
сырғымаса, аспап патронын (1) алмалы-салмалы
аспаппен бірге бұраңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (13)
басып тұрыңыз.
Шырақ (11) косқыш/өшіргішті (13) жай немесе толық
басылғанда жеткіліксіз болған жарық жағдайында жұмыс
аймағын жарықтандырады.
Қазақ | 123
белгісіне орнатыңыз.
1 609 92A 4FL | (20.12.2019)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

3 603 ja3 3

Inhaltsverzeichnis