Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Қысқа Нұсқаулық; Басқару Тақтасы - KitchenAid KOCCX 45600 Kurzanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für KOCCX 45600:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 15
Қысқа нұсқаулық
Жаңа микротолқынды пешіңізді пайдаланбас бұрын Пайдалану нұсқаулығындағы немесе
барлық қауіпсіздік нұсқауларын мұқият оқып шығыңыз
www.kitchenaid.eu
Басқару тақтасы
A
A. Көп функциялы тұтқа: Түрлі функцияларды таңдау үшін.
B. Қосу/өшіру түймешігі: Микротолқынды пешті қосу/өшіру үшін.
C. Қайту түймешігі: Алдыңғы параметрге өту үшін.
D. Дисплей
E. OK түймешігі: Таңдалған функция/параметрді растау үшін.
F. Бастау түймешігі: Пісіруді, қайта қыздыруды немесе ерітуді бастау үшін.
G. Басқару тұтқасы: Опцияларды орнату үшін.
Жұмысты бастау және микротолқынды пешті күнделікті пайдалану
Жаңа микротолқынды пешіңізді алғаш рет іске қосқан кезде тілді және сағатты орнату қажет
болады. SETTINGS жазуы көрсетілмегенше, Көп функциялы тұтқаны бұраңыз да, Басқару тұтқасын
LANGUAGE параметріне бұрап, растау үшін OK түймешігін басыңыз. Қолжетімді тілдер тізімін
айналдырып шығу үшін Басқару тұтқасын бұраңыз. Таңдалатын тілді тапқаннан кейін, оны
растау үшін OK түймешігін түртіңіз.
Уақытты орнату үшін дәл осы процедураны TIME функциясы үшін пайдаланыңыз.
Ескертпе:
Микротолқынды пешті алғаш рет қосып, кез келген тағамды дайындаудан бұрын
оны мүмкін ең жоғары температураға дейін қыздыру қажет (250°C).
RAPID PREHEATING функциясы көрсетілмегенше, Көп функциялы тұтқаны бұрап, температураны
250°C деңгейіне орнату үшін Басқару тұтқасын бұраңыз да, кейін Бастау түймешігін түртіңіз.
Микротолқынды пеш орнатылған температураға жеткеннен кейін, ол өшпес бұрын 10 минуттай
бұл температура деңгейінде тұрады. Микротолқынды пешті бөлме температурасына дейін
суытып, құрғақ сүлгімен сүртіңіз.
МИКРОТОЛҚЫНДЫ ПЕШТІ КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Микротолқынды пешті қосу және функцияны таңдау
1. Микротолқынды пешті қосу немесе өшіру үшін Қосу/өшіру түймешігін басыңыз немесе Көп
функциялы тұтқаны бұраңыз. Құрылғы қосылғанда барлық түймешіктер мен тұтқалар қалыпты
жұмыс істейді және сағат көрсетілмейді. Құрылғы өшірілгенде дисплейде сағат көрсетіледі.
2. Негізгі мәзірді айналдырып шолу үшін Көп функциялы тұтқаны бұраңыз.
3. Түрлі ішкі мәзірлердің ішінен қажет функцияны таңдау үшін Басқару тұтқасын бұраңыз және
растау үшін OK түймешігін басыңыз.
4. Дайындау уақытын және қажет температураны теңшеу үшін Басқару тұтқасын бұрап, растау
үшін OK түймешігін басыңыз.
5. Микротолқынды пештің пайдалануын бастау үшін Бастау түймешігін басыңыз.
Preriscaldamento rapido
B
C
D
32
E
F
G

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis