Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Қолданысқа Енгізу - Bosch GNH 18V-64 Professional Originalbetriebsanleitung

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
188 | Қазақ
– Алдын ала керілген шеге қармағышын (14) қорап
қалқанына (13) қарай басып, дәл сол уақытта қорап
қалқанын толығымен қораптың (12) ұшына дейін
тартыңыз.
Нұсқау: қорап қалқаны қатты күш қолданусыз (тек саусақ
күшімен) кері жылжытылуы тиіс. Зорға қозғалатын қорап
қалқаны шегелердің дұрыс емес бұрышта жабылуына
әкеледі.
– Қорап қалқанын (13) басылған шеге қармағышымен
(14), шеге қармағышы соңғы шеге үстінен
жылжытылғанша және нәтижесінде шеге таспасы
қорапқа толығымен алға кіргенше, абайлап алға қарай
бағыттаңыз.
Нұсқау: қорап қалқанының бағыттаусыз кері қармалып
қалуына жол бермеңіз. Қорап қалқаны зақымдалуы
мүмкін және саусағыңыз қысылып қалуы мүмкін.
Пайдалану
Іске қосу жүйелері
Резервтік реттілікпен бірмәртелі іске қосу
Бұл іске қосу жүйесінде алдымен іске қосу
сақтандырғышын (2) дайындамаға берік орнату керек.
Қағылатын зат, іске қосу құрылғысы (5) басылғанда ғана
атылады.
Содан кейін басқа қағу әрекеттерін, іске қосу құрылғысы
мен іске қосу сақтандырғышы алдымен бастапқы күйіне
жылжытылғаннан кейін ғана орындауға болады.
Автоматты кері қозғалысы бар түйіспелі іске қосу
(GNH 18V-64 M)
Бұл іске қосу жүйесінде алдымен іске қосу құрылғысын
(5) басу және осы күйде ұстап тұру керек. Содан кейін
қағылатын затты шығару үшін іске қосу сақтандырғышын
дайындамаға берік орнату керек. Іске қосу құрылғысы
(5) басылып тұрғанша, басқа қағу әрекеттерін басқа
жерге қайта қондыру арқылы іске қосуға болады.
Түйіспелі іске қосу режимінде шегені бірмәртелі іске
қосу арқылы да қағуға болады.
Қолданысқа енгізу
Құрылғыны реттеу, керек-жарақтарды алмастыру
u
немесе электр құралын ары қою алдында
аккумуляторды шығарыңыз. Осы сақтық шарасы
электр құралының кенет іске қосылуына жол
бермейді.
Аккумуляторды орнату
– Зарядталған аккумуляторды (7) электр құралының
аккумулятор науасына аккумулятор берік
бұғатталғанша кіргізіңіз.
Қосу/өшіру (B1−B2 суретін қараңыз)
– Электр құралын қосу үшін ажыратқыш түймесін (18)
кемінде 1 секунд басыңыз.
Ажыратқыш индикаторы (19) жасыл түспен жанады.
GNH 18V-64 M: Бірмәртелі іске қосу белсенді болып,
(20) индикаторы ақ түспен жанады.
1 609 92A 5TX | (10.05.2021)
– Электр құралын өшіру үшін ажыратқыш түймесін (18)
кемінде 1 секунд басыңыз.
Шеге шығару − бірмәртелі іске қосу (B1−B2 суретін
қараңыз)
– Электр құралын қосыңыз.
– Ауызды (15) немесе қажеттілікке қарай резеңкелі
дайындама қорғағышын (1), іске қосу сақтандырғышы
(2) толығымен басылғанша, дайындамаға берік
орнатыңыз.
– Содан кейін іске қосу құрылғысын (5) қысқа уақыт
басыңыз да, жіберіңіз.
Сонда шеге шығарылады.
– Электр құралын дайындамадан кері жылжытыңыз.
– Кейінгі қағу процесі үшін электр құралын
дайындамадан толықтай шығарып, оны қалаулы жақын
жерге берік орнатып қойыңыз.
Шеге шығару − түйіспелі іске қосу (B1 суретін
қараңыз)
(GNH 18V-64 M)
– Электр құралын қосыңыз.
– Ажыратқыш түймесін (18) қысқаша басу арқылы
түйіспелі іске қосу функциясын белсендіріңіз.
Түйіспелі іске қосу индикаторы (21) ақ түспен жанады.
– Іске қосу құрылғысын (5) басып тұрыңыз.
– Ауызды (15) немесе қажеттілікке қарай резеңкелі
дайындама қорғағышын (1), іске қосу сақтандырғышы
(2) толығымен басылғанша, дайындамаға берік
орнатыңыз.
Сонда шеге шығарылады.
– Қағу әрекетін жалғастыру үшін іске қосу құрылғысын
(5) ары қарай басып тұрыңыз және электр құралын
дайындамадан толықтай көтеріп алыңыз. Оны қалаулы
жақын жерге берік орнатып қойыңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Құрылғыны реттеу, керек-жарақтарды алмастыру
u
немесе электр құралын ары қою алдында
аккумуляторды шығарыңыз. Осы сақтық шарасы
электр құралының кенет іске қосылуына жол
бермейді.
Әр жұмыс істеуден бұрын қауіпсіздік пен іске қосу
құрылғыларының ақаусыз жұмыс істегенін және барлық
бұрандалар мен гайкалардың берік бекітіліп тұрғанын
тексеріңіз.
Бұзылған немесе дұрыс жұмыс істемеген электр құралын
дереу электр желісінен ажыратып, өкілетті Bosch қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Электр құралында нұсқаулардан тыс өзгерістерді
орындамаңыз. Іске қосу сақтандырғышы сияқты электр
құралының бөліктерін бөлшектемеңіз немесе
бұғаттамаңыз.
Жарамсыз құралдармен ешқандай "төтенше жөндеу"
жұмыстарын өткізбеңіз. Электр құралына жүйелі түрде
және тиісінше техникалық қызмет көрсету керек.
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Gnh 18v-64 m professional

Inhaltsverzeichnis