Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

LG ARNU05GL4G4 Montageanleitung Seite 271

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für ARNU05GL4G4:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 89
Орнату
• Өнімді орнатқан немесе жөндеген соң, əрқашан газдың (хладагент)
жылыстауын тексеріңіз.
- Хладагент деңгейі төмен болса, өнім бұзылуы мүмкін.
• Судың тиісті түрде ағуын қамтамасыз ету үшін ағызу шлангісін орнатыңыз.
- Дұрыс жалғамасаңыз, су тамшылауы мүмкін.
• Өнімді тегіс жерге орнатыңыз.
- Діріл мен судың ағуын болдырмау үшін.
• Өнімді сыртқы блоктан шығатын шу немесе ыстық ауа көршілердің мазасын
алуы мүмкін жерлерге орнатпаңыз.
- Көршілеріңіз наразылық білдіруі мүмкін.
• Өнімді екі адам көтеруі жəне тасымалдауы қажет.
- Дене жарақатынан абай болыңыз.
• Өнімді тікелей теңіз желі соғатын (тұз шашырайтын) жерге орнатпаңыз.
- Бұл өнімнің коррозиясына себеп болуы мүмкін. Коррозия, əсіресе
конденсатор мен буландырғыштың жиектеріндегі коррозия өнімнің істен
шығуына немесе нашар жұмыс істеуіне əкелуі мүмкін.
• Суық агент тізбегімен жұмыс істейтін немесе оны ашатын кез келген адам
өндірістік салада аккредиттелген бағалау органының жарамды сертификатына
ие болуы тиіс, осылайша, оның суық агенттермен салалық бағалау сипаттамасына
сəйкес қауіпсіз түрде жұмыс істеуіне сенімді бола аласыз (R32 үшін).
Жұмысы
• Денеңіз ұзақ уақыт бойы тікелей салқын ауа əсерінде болмауы керек.
(Жел өтінде отырмаңыз.)
- Бұл денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін.
• Өнімді ерекше мақсаттарда, мысалы, азық-түлікті, өнер туындыларын, т.б.
сақтау мақсатында пайдаланбаңыз. Бұл - тұтынушыларға арналған
кондиционер, кəсіби салқындату жүйесі емес.
- Мүлікті зақымдау немесе одан айырылу қаупі бар.
• Ауа кіретін немесе шығатын саңылауларды жаппаңыз.
- Бұл өнімнің бүлінуіне əкелуі мүмкін.
• Өнімді тазалау үшін жұмсақ шүберекті пайдаланыңыз. Қатты жуғыш
құралдарды, еріткіштерді, т.б. пайдаланбаңыз.
- Өрт шығу, электр тогы соғу немесе өнімнің пластик бөліктерінің зақымдалу
қаупі бар.
• Сүзгіні алған кезде жабдықтағы металл бөлшектерге қол тигізбеңіз. Олар өте өткір!
- Дене жарақатын алу қаупі бар.
• Өнімді басуға немесе үстіне зат қоюға болмайды. (сыртқы блоктар)
- Дене жарақатын алу немесе өнімнің бұзылу қаупі бар.
Қауіпсіздікке қатысты сақтық шаралары
АБАЙЛАҢЫЗ
Орнату нұсқаулығы 7

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis