Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Makita D ML81 1 Betriebsanleitung Seite 155

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 14
БАРЛЫҚ НҰСҚАУЛАРДЫ ОҚЫП
ШЫҒЫҢЫЗ.
1 . Құрылғыны пайдаланбаған кезде әрдайым
өшіріп, аккумулятор картриджін құрылғыдан алып
тастаңыз.
2. Жұмыстағы құрылғыны шүберекпен немесе
картонмен, т.б. жабуға болмайды. Болмаса, ол
жалынның пайда болуына әкелуі мүмкін.
3. Құрылғыны айнымалы ток қуатымен пайдаланған
кезде, оны сулы немесе ылғалды орындарда
пайдалануға болмайды.
4. Құрылғыны жаңбырлы немесе қарлы жерлерге
қоймаңыз. Оны ешқашан суда жумаңыз.
5 . Құрылғыны айналасында тез тұтанатын
сұйықтықтар, газ немесе шаң сияқты заттардан
тұратын жарылыс қаупі бар орталарда
пайдаланбаңыз.
6 . Құрылғы ашалары розеткаға сәйкес келуі
керек. Ашаларды ешбір жағдайда өзгертпеңіз.
Құрылғыларды жерге тұйықталған электрлік
құралдармен пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген
ашалар мен сәйкес келетін розетка электр
тогының соғу қаупін азайтады.
7. Құрылғыны пайдаланған кезде түтіктер,
радиаторлар, микротолқынды пештер немесе
тоңазытқыштар сияқты жерге тұйықталған беттерді
ұстамаңыз. Егер денеңіз жерге тұйықталатын
болса, ток соғу қаупі жоғары.
8. Қуат сымын дұрыс пайдаланыңыз. Құрылғыны
тасу, тарту немесе қуат көзінен ажырату үшін
ешқашан сымды пайдалануға болмайды. Қуат
шнурына ыстық зат, май, өткір жиек немесе
қозғалмалы бөлшектер тимеуі керек. Зақымдалған
немесе оралған қуат шнурлары ток соғу қаупін
арттырады.
9 . Егер осы шамның сыртқы иілгіш кабелі немесе
сымы зақымдалса, оны арнайы сыммен немесе
өндірушіде немесе қызмет көрсетуші агентте
қолжетімді сыммен ауыстыру керек.
1 0. Жарық көзіне тікелей көзбен қарамаңыз.
1 1 . Ашаны дымқыл немесе лас қолмен ұстамаңыз.
1 2. Құрылғыны құлатып алмас үшін, оны үнемі тегіс
және тұрақты бетке қойыңыз.
1 3. Осы шамда бар жарық көзі тек өндірушімен,
қызмет көрсету агентімен немесе ұқсас білікті
тұлғамен ауыстырылуы керек.
1 4. Қуат розетка арқылы қамтамасыз етілген кезде
қуат сымын құрылғыдан ажыратылған күйінде
қалдырмаңыз. Ток соғуы мүмкін.
1 5 . Құрылғы желдеткіштерін кез келген затпен жабуға
немесе бітеуге болмайды. Суыту желдеткішін
үнемі таза ұстаңыз.
Аккумулятормен жұмыс істейтін
құрылғыны пайдалану және күтім
жасау
1 . Кездейсоқ іске қосудың алдын алыңыз.
Аккумулятор жинағын жалғамас бұрын, құрылғыны
жинамай тұрып немесе тасымалдамас бұрын,
ауыстырып-қосқышы өшірулі күйде екеніне көз
жеткізіңіз. Құрылғыны саусағыңызды ауыстырып-
қосқышына қойып тасымалдау немесе ауыстырып-
қосқышы қосулы құрылғыны қуат көзіне қосу
жазатайым оқиғаға әкеп соғуы мүмкін.
2. Қандай да бір түзетулер жасау, керек-жарақтарды
ауыстыру немесе құрылғыны сақтау алдында
аккумулятор жинағын құрылғыдан ажыратыңыз.
Осындай алдын алу шаралары құрылғының
кездейсоқ іске қосылу қаупін азайтады.
3. Тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен
зарядтаңыз. Бір аккумулятор блогына сәйкес
келетін зарядтау құрылғысын басқа аккумулятор
блогымен пайдалану өрт қаупін тудыруы мүмкін.
4. Құрылғыларды тек көрсетілген аккумулятор
блоктарымен пайдаланыңыз. Кез келген басқа
аккумулятор блоктарын пайдалану жарақат алу
мен өрт шығу қаупін тудыруы мүмкін.
5 . Аккумулятор блогын пайдаланбаған кезде, оны
қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер, шегелер,
бұрандалар сияқты металл заттар мен бір
клеммадан екіншісіне қосылыс жасау мүмкін
басқа шағын металл заттардан аулақ ұстаңыз.
Аккумулятор клеммаларының қысқа тұйықталуы
күйік шалуға немесе өртке әкеп соғуы мүмкін.
6 . Дұрыс пайдаланбаған кезде аккумулятордан
сұйықтық ағуы мүмкін; тиіп кетпеуге тырысыңыз.
Егер абайсызда тиіп кетсеңіз, сумен шайыңыз.
Егер сұйықтық көзге тиген болса, медициналық
көмекке жүгініңіз. Аккумулятордан шыққан
сұйықтық тітіркену немесе күйікке себеп болуы
мүмкін.
7. Зақымдалған немесе өзгертілген аккумулятор
блогын немесе құрылғыны пайдаланбаңыз.
Зақымдалған немесе өзгертілген
аккумуляторлардан нәтижесінде өрт, жарылыс
немесе жарақат алу қаупіне әкелетін күтпеген
жағдайлар туындауы мүмкін.
8. Аккумулятор блогын немесе құрылғыны от немесе
шамадан тыс жоғары температура шығаратын
заттың жанына қоймаңыз. Отқа түссе немесе
температура 130 °C-тан жоғары болса, жарылуы
мүмкін.
9 . Зарядтауға қатысты нұсқаулардың барлығын
орындаңыз және аккумулятор блогын немесе
құрылғыны нұсқауларда көрсетілген температура
ауқымынан тыс зарядтамаңыз. Дұрыс
зарядтамалмаса немесе көрсетілген ауқымнан
тыс температурада зарядталса, аккумулятор
зақымдалуы және өрт шығу қаупі артуы мүмкін.
1 0. Білікті маманға жөндетіп алыңыз, ол тиісті қосалқы
бөлшектерді пайдалануы керек. Бұл өнімнің
қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
1 1 . Құрылғыны немесе аккумулятор жинағын
пайдалану және күтім көрсету нұсқауларында
сипатталғаннан басқа жолмен өзгертуге немесе
жөндеуге әрекет етпеңіз.
1 5 5

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis