Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Marta MT-1180 Bedienungsanleitung Seite 17

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für MT-1180:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

KAZ
ЖИНАУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСТЫ БАСТАУ
Негізді швабра корпусына қосыңыз.
Су контейнерін ажыратып, қайта қосыңыз. Контейнерге су жинау үшін өлшеу стақанын қолданыңыз. Контейнердің ең көп көлемі 550 мл.
Микрофибрадан жасалған саптаманы швабраның жұмыс негізіне кигізіңіз де, бекітіп қойыңыз.
Кілемді төсемелерді тазалау үшін микрофибрадан жасалған саптаманың үстіндегі жинақта бірге жүретін планер кию қажет.
Ықшамдап сақтау үшін швабра корпусы екіге жинала алады.
Құлыптар түймешігін басып, тұтқаны кескінде көрсетілгендей жинаңыз.
Қоректендіру бауын толық жазып, аспапты желінің жерлендірілген ажыратқышына қосыңыз.
Аспапты желіге қосқан соң қызыл қоректендірудің LED-индикаторы жанады. Аспапты қосқан соң отыз секундтан соң ол пайдалануға толық дайын. Бу ағыны
ең аздан ең көп дегейге дейін реттеле алады. Бу күшінің қажетті деңгейін тиісті реттегішпен орнатыңыз. Буды шығару үшін аспап тұтқасындағы түймешікті
басыңыз, будың шығуын тоқтату үшін осы түймешікті тағы бір рет басыңыз.
Бу ағынының деңгейін қажетінше реттей отырып, тазаланатын бет бойымен баяу қозғала бастаңыз.
Құрылғыны пайдалануды бастаған соң шамамен жиырма минуттан кейін контейнердегі су бітеді. Жұмысты тоқтатып, аспапты қоректендіру желісінен өшіріп,
су контейнерін қайта толтыру қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Жұмыс істеп тұрған швабраны бір орнында 15 секундтан ұзаққа қалдырмаңыз.
Булы швабра күшті тұрмыстық аспап болып табылатындықтан, оны қоректендіру желісінің жұмысында жаңылыс тудырмау үшін басқа күшті тұрмыстық
аспаптармен бірге қоспауға тырысыңыз.
Швабраны тек жабық тұрғын үйлерде қолданыңыз.
Аспапты суға арналған бос контейнермен қоспаңыз!
Бу ағынын адамдар немесе жануарларға бағыттамаңыз!
Аспаппен жұмыс аяқталған соң оны қоректендіру желісінен ажыратыңыз, контейнерден судың қалғанын төгіп, микрофибрадан ажсалған саптаманы алып
тастаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ!
Саптама ыстық болуы мүмкін! Саптаманы швабраның жұмыс негізінен алар алдында суытыңыз.
17
MT-1180

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis