Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Кәдеге Жарату - Bosch EasyPrune Originalbetriebsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für EasyPrune:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 3
154 | Қазақ
Жүздерді ауыстыру үшін арналған бұранданы (8)
жүздерді бекіту үшін арналған төлкесімен (11) бірге алып
тастау үшін және құрал жүзін босату үшін құрал жүзімен
бірге ұсынылатын бүйірлі алты қырлы сомын кілтін
қолданыңыз.
Жаңа жүзді (1) суретте көрсетілгендей енгізіңіз. Одан
кейін жүздерді бекіту үшін арналған төлкені (11)
жүздерді ауыстыру үшін арналған бұрандасымен (8)
бірге енгізіп, бұранданы бүйірлі алты қырлы сомын
кілтімен бекітіп қойыңыз.
Ағаш пен бұталарды кескеннен кейін/Сақтау
Бақ электр бұйымының сыртқы жағын лайықты
қылшақпен және жүберекпен жақсылап тазалаңыз.
Тазалау үшін ешқашан су немесе еріткіш не тегістетіп
жылтыратқыш бұйымдарын қолданбаңыз. Кезкелген
шөгінділерді жойып алып тастаңыз.
Құрал жүздерін сақтауға қою үшін, оларды күту спреймен
майлап алыңыз.
Бақ құралын қауіпсіз, құрғақ және балалардың қолы жете
алмайтын жерде, сақтандырғыш тоқтатқышын (6) бекітіп
қойып сақтаңыз. Бақ құралын қолданбағанда, оны
ешқашан бақылаусыз қалдырмаңыз. Бақ құрал үстіне
ешбір басқа заттарды қоймаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
www.bosch-garden.com
Сұрақтарыңызды қойғаныңызда және қосалқы
бөлшектерге тапсырыс бергеніңізде әрқашан міндетті
түрде өнімнің зауыттық тақташасындағы 10-санды өнім
нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша
Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау
пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті
ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
ала аласыз
F 016 L81 522 | (21.11.2019)
Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде
өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі
төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін
жөндеуге құқылы болады:
– механикалық зақымдардың жоқтығы;
– пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу
белгілерінің жоқтығы;
– пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату
туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының
бар болуы;
– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік
талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі;
– біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы.
Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды:
– форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген
сынықтар;
– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының
қалыпты тозуы.
Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б.
сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін
қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі
туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді:
– табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы);
– қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате
қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін
бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның
бөліктері;
– электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған
ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз
белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда
болуы немесе электр құралы бөліктері мен
түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы,
жоғары температура әсерінен электр
қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы
немесе көмірленуі.)
Тасымалдау
Бұл литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға
қойылатын талаптарға сай болуы керек. Пайдаланушы
аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз
тасымалдай алады.
Үшінші тұлғалар (мысалы, әуе көлігі немесе жіберу)
орамаға және маркаларға қойылатын арнайы талаптарды
сақтау керек. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктерді
тасымалдау маманымен хабарласу керек.
Кәдеге жарату
Электр құралдары, аккумуляторлар, керек-
жарақтар мен қаптама материалдары
экологиялық тұрғыдан лайықты түрде кәдеге
жаратылуы тиіс.
Электр құралдарын және
аккумуляторларды/батареяларды
тұрмыстық қалдықтар контейнерлеріне
тастамаңыз!
Bosch Power Tools

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis