Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Сақтық Шаралары - R.G.V. LUXOR 20 Bedienungsanleitung

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 39
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР: САҚТЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ
• Назар аударып барлық нұсқауларды оқып шығыңыз.
• Электрошоктың кез келген тәуекелін болдырмау үшін құрылғыны суға немесе басқа бір сұйықтыққа салмаңыз.
Құрылғыны судың үлкен мөлшерін пайдаланумен тазартпаңыз.
• Құрылғының бөліктерін орнату немесе алып тастау және тазарту алдында, егер құрылғы пайдаланбасаңыз, оны
желіден ажыратыңыз.
• Қозғалып тұратын бөліктермен байланыстан аулақ болыңыз.
• Өнімдерді ешқашан қолмен итермеңіз.
• Әрқашанда құрылғыны тек қана толығымен жиналған түрінде, өнімдер үшін орнатылған поддонмен,
өнімдерді ұстайтын тұтқамен және қорғаныспен пайдаланыңыз.
• Жүз өте өткір. Тазарту кезінде онымен өте мұқият болыңыз.
• Құрылғыны ақауы бар сыммен немесе штепсельмен пайдаланбаңыз.
• Жақын жердегі сервистік орталыққа тексеру мен кез келген қажетті электр немесе механикалық түзетулер үшін
қайтарыңыз.
• Дайындаушымен ұсынылмаған немесе жасалмаған қосалқы бөлшектерді пайдалану өрттің пайда болуына, электр
шошынуға және зақымға әкелуі мүмкін.
• Көшеде пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
Дайындаушы құрылғыны дұрыс емес пайдаланған кезде жауапты болмайды. Слайсерді мұздатылған өнімдер,
сүйегі бар етті және азықтық емес өнімдерді кесу үшін пайдаланбаңыз. Сымның жай-күйін мерзімді тексеріп
отырыңыз; ақау жағдайында айырбастауды білікті маман жасау керек.
• Слайсерді тазарту кезінде суға салмаңыз.
• Слайсерді су ағынында жууға тыйым салынады.
• Ұзартқыш кабельдерді пайдаланбаңыз.
• Кабельді тарту арқылы желіден ажыратпаңыз.
• Егер Сіздің қолыңыз ылғалды немесе аяғыңыз жалаңаш болса құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны жылу көздерінен алыс жерде ұстаңыз.
Құрылғы қорғаушы құрылғылармен жабдықталғанына қарамастан, қолыңызды жүзден және қозғалатын
бөліктерден алыста ұстаңыз. Техникалық қарау мен тазарту кезінде (ол үшін қорғаушы құрылғылар алынып
тасталады) ықтимал тәуекелге мұқият қараңыз. Жөндеу мен техникалық қарау бойынша кез келген жұмыстарды
жүргізу алдында құрылғыны қуат көзінен ажыратып, бөліктенген тұтқа «0» жағдайында тұрғанына көз жеткізіңіз.
Қоршаудың орталығындағы тетікті бұрап алып пышақтың қоршауын мерзімді алып отырыңыз, содан кейін
пышақ қоршауының ішкі үстіртін және жүзін спиртпен немесе жылы сумен тазартыңыз. Назар аударыңыздар!
Осы құрылғы дене, сенсорлық немесе ақыл-ес қабілеттіктері шектелген, немесе білімі мен дағдылары жеткіліксіз
адамдармен пайдалануға арналмаған, сол адамдардың қауіпсіздігіне жауапты құрылғыны пайдалану бойынша
жауапты тұлғаның қарауында болғанда немесе осы тұлғадан құрылғыны пайдалану бойынша нұсқаулық алған
жағдайлардан басқасы. Балалар құрылғымен ойнамайтынына сенімді болу үшін бақылауда болу керек. Келесі
операция ерекше сақтықпен жүргізілуі керек, өйткені ол кескіш құрылғыға байланысты. Жүзді қайрауға мүмкіндік
болмаса немесе жүздің кескіш ұшы мен жүздің қорғауы арасындағы қашықтық 6 мм-ден артық болса жүзді
айырбастау керек. Құрылғы және оның барлық бөліктерін нейтральды жуғыш затқа салынған жұмсақ материямен
сүрту қажет. Жұмсақ материяны құрғақ сүрту үшін пайдаланыңыз. Жылжыма қиындықпен қозғалса, слайсерді
көтеріп, бүйіріне аударыңыз. Цилиндрлік бағыттаушы планканы абайлап тазартыңыз және оған техникалық май
жағыңыз.
ЕСКЕРТУ ЖӘНЕ ЕРЕЖЕЛЕР
Құрылғыны пайдалану алдында қауіпсіздік пен тәуекел символдары бар параграфқа аса назар аударып мұқият
оқып шығыңыз. Техникалық қарау мен қорғаушы құрылғыларды тазарту үшін сұрыптау рәсімі алдында
желіден ажыратыңыз. Құрылғыны алып тасталған құрылғылармен бірге пайдаланбаңыз.

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Өндіруші құрылғыны дұрыс емес пайдалану жағдайында жауапты болмайды:
- Мұздатылған өнімдер, сүйегі бар етті және азықтық емес өнімдерді және ірі бұршақты кеспеңіз.
- Электр сымы: оны мерзімді тексеріп отырыңыз, ақау болған жағдайда оны тұпнұсқасына ауыстырыңыз.
- Құрылғыны тазарту үшін суға салмаңыз.
- Штепсельді сымды тартып жұлмаңыз.
- Ұзартқыш кабельдерді пайдаланбаңыз.
- Егер Сіздің қолыңыз ылғалды немесе аяғыңыз жалаңаш болса құрылғыны пайдаланбаңыз.
- Қорғаушы құрылғылары орында болса да, қолыңызды қозғалатын бөліктерге жақындатпаңыз.
Жөндеу мен техникалық қарау бойынша кез келген жұмыстарды жүргізу алдында құрылғыны қуат көзінен
ажыратып, бөліктенген тұтқа (�) «0» жағдайында тұрғанына көз жеткізіңіз.
ЖӨНГЕ КЕЛТІРУ
Трансмиссия.
Слайсерді орнатқаннан кейін трансмиссия жұмысының дұрыстығын мынадай әдіс арқылы
тексеріңіз:
- Бөліктенген тұтқа (6) «0» жағдайында.
- Слайсерді қосыңыз.
- Материя тілігімен жүзді (3) тоқтату үшін оған басыңыз; жүз үлкен қысым болғанда да
тоқтамау керек.
144
3

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis