Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

OKBABY Blue Aroma Montage- Und Bedienungsanleitung Seite 45

Aromazerstäuber
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 9
кальцийдің жиналып қалуына жол бермейді.
Еріткіштерді немесе алкогольді қолданбаңыз, бұндай заттар бүріккішке зиян келтіруі
мүмкін.
МАҢЫЗДЫ/ЕСКЕРІМ: Бүрку нәтижесі жақсы болу үшін, тазартылған судан гөрі бөлме
температурасындағы кран суын пайдалануды ұсынамыз.
МАҢЫЗДЫ/ЕСКЕРІМ: Басқа хош иісті майды қолданардың алдында әрқашан сауытты
босатып, шайып, құрғақ шүберекпен құрғатып отыруды ұсынамыз.
• БҮРІККІШКЕ КҮТІМ КӨРСЕТУ
Бүріккіш ұзақ уақыт қолданылмайтын болса, тазалап, мұқият құрғатыңыз да, құрғақ жерге
қойып сақтаңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС:
1. Бұл ойыншық құрал емес, бұл затты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек және
тек ересек адамдар ғана құрастыруға, тазалауға тиіс.
2. Бұл құралды ешқашан көрсетілген мақсаттан басқа мақсатта қолдануға болмайды.
3. Құралды іске қосардың алдында, оның техникалық сипаттамаларының, электр желісінің
техникалық параметрлеріне сай келетін-келмейтінін тексеріңіз.
4. Сауыт бос тұрған кезде бүріккішті ешқашан іске қоспаңыз, қозғалмалы датчик қатты
қызып кетуі мүмкін.
5. Сауытқа тек кранның суынан ғана құйыңыз.
6. Бүріккішті тек қатты, тегіс, жалпақ жердің үстіне қойыңыз.
7. Құралды күн сәулесі тура түсетін жерге қоймаңыз, қызу шығаратын көздерден алыс
ұстаңыз.
8. Құралды түсіріп, соғып алмаңыз немесе шайқамаңыз, себебі оның ішіндегі электроникалық
сызба мүлдем істен шығып қалуы мүмкін.
9. Бүріккіште ақау пайда болса немесе оның функциялары дұрыс жұмыс істемесе, сөндіріңіз
де, білікті техникке хабарласыңыз. Құралды ашпаңыз, диодты шамға ақау келсе оны
ауыстырмаңыз. Арнайы дайындықтан өтпеген адамдар жүзеге асырған жөндеу жұмыстары
бүріккішке нұқсан келтіріп, кепілдікті заңды күшінен айыруы мүмкін.
10. Қолыңыз дымқыл болса, бұл құралды тоқ көзіне қосуға немесе ағытуға болмайды. Бұл
электр тоғының қатерлі әсеріне ұшыратуы мүмкін.
11. Бүріккішті су тисе бүлініп қалуы мүмкін ағаш еден немесе жиһаздан алыс орнатыңыз.
Бүріккіштен шығатын будың ағысын қандай болмасын электр құрылғыларына бағыттауға
болмайды.
12. Бүріккішті бөлме температурасында қолданыңыз.
13. Бүріккішті ешқашан суға батырмаңыз.
14. Қосқышты розеткадан ешқашан сымынан тартып ағытпаңыз.
15. Тазалау немесе қызмет көрсету жұмыстарын бастардың алдында, бүріккішті сөндіріңіз де,
ашасын розеткадан ағытыңыз.
16. Бұл ойыншық құрал емес; балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз.
17. Бұл құралды физиологиялық, сезімдік немесе қабілет шектілігіне ұшыраған, тәжірибесі не
білімі аз адамдар (балаларды қоса алғанда), аталмыш құралды пайдалану туралы ерекше
нұсқаулар алмайынша не өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның қадағалауынсыз
пайдаланбауға тиіс.
18. Осы өніммен бірге жеткізілген электр бөлшектерден басқа бөлшектерді қолдануға
болмайды.
19. Хош иісті майларды бүрку үшін тек ғана кран суын пайдаланыңыз. Басқа сұйық заттарды
қолдану қауіпті болуы мүмкін.
20. Қорек сымын, розеткасын және трансформатордың корпусын мезгіл-мезгіл тексеріп
отырыңыз. Бұл құралды ақаулық немесе дұрыс жұмыс істемеушілік орын алса
пайдаланбаңыз.
21. Blue Aroma құралын іске қосу үшін тек EN 60598-2-7 стандартына сай келетін, осы тапсырыс
бойынша жеткізілген трансформатор сияқты трансформаторларды ғана қолданыңыз.
22. Біз OKBABY компаниясы өндірген ерекше майлар қоспасын қолдануды ұсынамыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ ПАРАМЕТРЛЕРІ:
Өнімнің атауы: Blue Aroma хош иісті май бүріккіші
Желі кернеуі 24В~
Максимум қуат: 12Вт
86. Blue Aroma
Бу: 25±5мл/сағ.
Өлшемдері: ø120ммx200мм
АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ:
АҚАУЛЫҚ
МҮМКІН СЕБЕПТЕРІ
- Құралды қосқаннан кейін, бу
барынша қойылып шығу үшін
шамамен 10 минут уақыт қажет.
Бу тұманы пайда
болмайды
- Сауытқа су тым көп
құйылған (3).
- Құрал қосылған жоқ.
- Су жеткіліксіз мөлшерде
құйылған
- Бу шығатын саңылау бітелген
- Ультрадыбысты датчик
шамамен 3,000 сағат
қолданылғаннан кейін ескіреді.
КЕПІЛДІК:
Ақаулық орын алған жағдайда, өнімді өз қорапшасына салып, төлемақысын пайдаланушы өзі
төлеп, мына мекенжайға тапсырысты поштамен жіберуге тиіс:
OKBABY s.r.l., Via del Lavoro, 26, 24060 Telgate (BG), Italy (Италия)
Қорапшаның ішіне ақаулық (тар) туралы қысқа да нұсқа ақпаратты, бұйым кері қайтарылатын
нақты мекенжайды, телефон нөмірі мен чек немесе чектің көшірмесін салып жіберіңіз.
Өнім сізге 30 күннің ішінде жұмыс істеп тұрған күйі тегін жеткізіледі.
Өнімді сатып алғаннан кейін, материал ақаулығы немесе өндіруші жіберген ақаулықтар 2 (екі)
жыл бойы кепілдік бойынша жөнделеді.
КЕПІЛДІКТІҢ ШАРТТАРЫ
1. Бұл кепілдік өнім өз қорапшасында, чек немесе чектің көшірмесімен бірге жеткізілген
жағдайда ғана заңды күшке ие. Бұл құжат келмесе, немесе онда толық ақпарат көрсетілмесе
не көрсетілген ақпарат заңсыз болып табылса, OKBABY s.r.l. ақаулықтьы кепілдік бойынша
түзетуге қарсылық білдіру құқығына ие.
2. Өнім үлгісінің нөмірі немесе сериялық нөміріне өзгеріс енгізу, жою, алып тастау немесе
заңсыз ету, аталмыш кепілдікті заңды күшінен айырады.
3. Өнімге өзгеріс енгізу бұл кепілдікті заңды күшінен айырады.
КЕПІЛДІККЕ КІРМЕЙТІН ЖАҒДАЙЛАР
• Мезгіл-мезгіл күтім көрсету және жөндеу жұмыстарын жасау немесе өнімді қалыпты қолдану
барысында тозған немесе желінген бөлшектерді ауыстыру.
• Өнімді түзету немесе оған өзгеріс енгізу.
• Сатып алушы тұрған жерден қызмет көрсету орталығына жеткізу ақысы немесе соған
қатысты шығындар.
• Кездейсоқ орын алған немесе өнімді теріс пайдаланғандықтан орын алған ақаулықтар.
• Пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген нұсқауларды орындамағандықтан орын алған кез
келген ақаулық.
• Уәкілетті мамандардан басқа мамандар немесе сатып алушы жүзеге асырған жөндеу
жұмыстары.
• Форс-мажор оқиғалары: найзағай, су тасқыны немесе басқа да OKBABY s.r.l. компаниясына
қатыссыз жағдайлар себебінен орын алған ақаулық.
ШЕШІМІ
- Бу барынша қойылып шыққанша
шамамен 10 мин. күтіңіз.
- Суды судың деңгейі көрсетілген
сызықтан (4) төмен түскенше азайтыңыз.
- Қосқышты розеткаға жалғаңыз да, ON
түймешігін басыңыз.
- Сауытты суға толтырыңыз
- Бу шығатын саңылауды тазалаңыз
- Өз дилеріңізге хабарласыңыз
Blue Aroma .87

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis