Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GBH 18V-26 D Professional Originalbetriebsanleitung Seite 148

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GBH 18V-26 D Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
148 | Қазақ
– Бұрғылау патронының кілтін (21) тісті тоғыны бар
бұрғылау патронының (19) тиісті саңылауларына
енгізіп, құралды біркелкі етіп қысыңыз.
– Соғуды/айналуды тоқтату қосқышын (12) "Бұрғылау"
күйіне бұраңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару (F суретін
қараңыз)
– Тісті тоғыны бар бұрғылау патронының (19) төлкесін
бұрғылау патроны кілтінің (21) көмегімен алмалы-
салмалы аспапты шығару мүмкін болғанша сағат
тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Іске қосу
Аккумуляторды орнату
Электр құралыңыздың зауыттық тақтайшасында
u
белгіленген кернеуге ие түпнұсқа Bosch литий-
иондық аккумуляторларын ғана пайдаланыңыз.
Басқа аккумуляторларды пайдалану жарақат алуға
немесе өртке әкелуі мүмкін.
– Айналу бағытын ауыстырып-қосқыштың (5) кенет іске
қосылуына жол бермеу үшін оны ортаға орнатыңыз.
– Аккумуляторды (8) т аккумулятор бөліміне тірелгенше
кіргізіңіз.
Жұмыс режимін реттеу
Электр құралының жұмыс режимін таңдау үшін соққыны/
айналуды тоқтату қосқышын (12) пайдаланыңыз.
– Жұмыс режимін ауыстыру үшін босату түймесін (11)
басып, соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (12)
қажетті күйге шерту дыбысымен тірелгенше бұраңыз.
1 609 92A 5GE | (18.11.2019)
Нұсқау: жұмыс режимін электр құралы өшірулі тұрғанда
ғана өзгертіңіз! Әйтпесе электр құралына зақым келуі
мүмкін.
Бетон немесе тас бойынша соққымен
бұрғылау күйі
Ағаш, металл, керамика және пластмасса
бойынша соққысыз бұрғылау және бұрау
күйі
Қашау күйін реттеуге арналған Vario-Lock
күйі
Бұл күйде соққыны/айналуды тоқтату
қосқышы (12) бекітілмейді.
Қашау күйі
Айналу бағытын реттеу
Айналу бағытын ауыстырып-қосқыштың (5) көмегімен
электр құралының айналу бағытын өзгертуге болады.
Алайда ажыратқыш (7) басылғанда осы әрекетті орындау
мүмкін емес.
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (5) электр
u
құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Соққымен бұрғылау, бұрғылау және қашау үшін айналу
бағытын әрдайым оңға айналу күйіне реттеңіз.
– Оңға айналу: айналу бағытын ауыстырып-
қосқышты (5) солға қарай тірелгенше
жылжытыңыз.
– Солға айналу: айналу бағытын ауыстырып-
қосқышты (5) оңға қарай тірелгенше
жылжытыңыз.
Қосу/өшіру
– Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (7) басыңыз.
Жұмыс шамы (10) ажыратқыш (7) кішкене немесе толық
басылғанда жанады және жеткіліксіз болған жарық
жағдайында жұмыс аймағын жарықтандырады.
Электр құралын алғаш рет қосқан кезде, аздаған кідіріс
орын алуы мүмкін, себебі электр құралының
электроникасы алдымен конфигурациялануы қажет.
Төмен температураларда электр құралы белгілі бір уақыт
өткеннен кейін толық бұрғылау/соққы қуатына жетеді.
– Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (7)
жіберіңіз.
Айналу жиілігін/соққы санын реттеу
– Ажыратқышты (7) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған электр құралының айналу жиілігін/соққы
санын біртіндеп реттеңіз.
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis