Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Blaupunkt BPPT-001 Bedienungsanleitung Seite 126

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 12
Бұрғылау кезінде құлақты қорғағыш құралдарды киіңіз. Шуылдың әсері есту қабілетінің
жоғалуына әкелуі мүмкін.
Құралмен бірге берілсе, қосалқы тұтқыш(тар)ты пайдаланыңыз. Басқаруды жоғалту адам
жарақатына себеп болуы мүмкін.
Кескіш керек-жарақ жасырын сымға тиюі мүмкін жұмысты орындағанда, электр құралын
оқшауланған тұтқалар арқылы ұстаңыз. "Қосулы" сыммен байланысатын кескіш керек-жарақ электр
құралының металдық бөлшектерін "қосулы" етіп көрсетіп, электр тогы соғуы мүмкін. Бұрауыштың
қауіпсіздік туралы ескертулері:
- Бекіткіш жасырын сымға тиюі мүмкін жұмысты орындағанда, электр құралын оқшауланған тұтқалар арқылы
ұстаңыз. "Қосулы" сыммен байланысатын бекіткішітер электр құралының металдық бөлшектерін "қосулы" етіп
көрсетіп, электр тогы соғуы мүмкін.
Барлық батареялық блоктарда тек литий-ион батареясы қолданылады
Батареялық блок пен зарядтау құрылғысына арналған арнайы қауіпсіздік нұсқаулары
Егер төтенше жағдайларда кез-келген электролит батареядан шығу керек болса, онда теріге тиіп кетпеу
керек. Егер электролит теріңізге тисе, оны сумен шайыңыз. Электролит көзіңізге тиген жағдайда дәрігермен
кеңесу керек.
a)Бұл құрылғы физикалық, сезімталдық немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе білімі мен тәжірибесі
жоқ адамдардың (балаларды қоса) пайдалануына арналмаған. Ондай адамдарға құрылғыны олардың
қауіпсіздігіне жауапты адамдардың басшылығымен және құрылғыны пайдалану нұсқаулары берілген
жағдайда немесе қадағалау болғанда ғана пайдалануға болады.
b)Балалардың құрылғымен ойнамауын қадағалау қажет.
c)Зарядтау құрылғысы мен батареялық блокты қолданар алдында, нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
d)Зарядтау барысында, қолданылған ток батареяны зарядтау құрылғысының тогына mсәйкес келу керек.
e)Ылғал, жаңбыр немесе шашыраған судың зарядтау орнына жетуіне жол бермеңіз.
f)Қоршаған орта температурасы 40°C-тан аспауы керек. Құрылғының тікелей оқшаулануына жол бермеңіз.
g)Батареялық блок қорапқа салынған немесе қораптан шығарылған кезде ғана токты өшіріңіз.
h)Ақаулы немесе зақымдалған немесе қайта зарядтауға келмейтін аккумуляторлық батарея блогын қауіпті
қалдық ретінде жою керек. Оларды арнайы жинау орнына тапсырыңыз. Қоршаған ортаға зиян келтірмеңіз.
Қолданылмайтын аккумуляторлық батарея блогын тұрмыстық қоқысқа, өртке немесе суға тастамаңыз.
i)Егер электр кабелі зақымдалған болса, сымды тек жеткізуші немесе жөндеу цехы арқылы ауыстыру керек.
Жөндеу жұмыстарын тек уәкілетті маман ғана орындауы тиіс.
j)Түпнұсқалық өндіруші шығарған аккумуляторлық батарея блогын ғана қолданыңыз.
k)Зарядтау құрылғысының бетіндегі шаңды және лас заттарды сүртіп отырыңыз.
l)Батареялық блокты зарядтау құрылғысына салыңыз. Полярлыққа қатысты нұсқауларды орындаңыз.
m)Құрылғыда жұмыс істеу алдында, батареялық блокты алып тастаңыз
n)Батареялық блок бұрғыдан тыс болғанда, қысқа тұйықталуды болдырмау үшін контактілерді жабыңыз
(мысалы, құралдардан)
o)Батареялық блокты соққыдан қорғаңыз және оны ашпаңыз.
p)Ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса, батареялық блоктың зарядын толығымен бітірмеңіз және арасында
қайта зарядтап отырыңыз.
Қалдықтық қауіптер
Құрал тағайындалған мақсатта пайдаланылса да, барлық қалдықтық қауіп факторларын жою мүмкін емес.
Құрылғының құрылысы мен дизайны бойынша келесі қауіптер туындауы мүмкін:
1.Жұмыс респираторы киілмесе, өкпеге зақым келтіреді.
2.Есту мүшелерін қорғайтын құрал киілмесе, есту қабілетіне зақым келтіреді.
3.Электр құралы ұзақ уақыт бойы пайдаланылса немесе тиісті түрде басқарылмаса және дұрыс техникалық
күтім жасалмаса, дірілдің шығуынан пайда болған ақаулар.
124

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis