Herunterladen Diese Seite drucken

Stihl GHE 105 Gebrauchsanleitung Seite 475

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
2.3 Түрлі елдерге арналған нұсқалар
STIHL компаниясы қолданылатын еліне
байланысты құрылғыны ашалар мен
ажыратқыштардың көптеген түрлерімен
жабдықтайды.
Суреттерде Еуропа үшін жасалғандары
көрсетілген, құрылғыны басқа ашамен
қосу дəл осылай жүзеге асырылады.
3. Құрылғылардың сипаты
1 Шұңғыма
2 Бұрандалы тығындар
3 Лақтырманың қақпағы
4 Дөңгелек тірегі
5 Негізгі құрылғы
6 Тіреуіш тұтқа
7 Желілік қосылымы бар
қосқыш / ажыратқыш
8 Машина нөмірі жазылған төлқұжат
9 Аспапқа арналған бөлім
4. Қауіпсіздік шаралары
4.1 Жалпы ережелер
Аспаппен жұмыс істегенде
қауіпсіздік техникасын қатаң
ұстаныңыз.
Алғаш рет қолданар алдында
пайдалану жөніндегі осы
нұсқаулықты толығымен
0478 201 9915 A - KK
оқуыңыз керек. Пайдалану жөніндегі
нұсқаулықты тағы да қолдану
мақсатында сақтап қойыңыз.
Қауіпсіздік мақсатында мына қауіпсіздік
шараларын ұстанған жөн жəне де
нұсқаулықта ескерілмеген басқа да
ережелерді ұстану керек. Құрылғыны
үнемі ақылмен жəне жауапкершілікпен
пайдаланыңыз жəне де пайдаланушы
басқа тұлғаларға зақым тигізгені үшін
жəне мүлікті бүлдіргені үшін жауапты
екенін ұмытпаңыз.
Басқару элементтерімен жəне
құрылғыны пайдалану ережелерімен
танысып шығыңыз.
1
Құрылғыны тек пайдалану жөніндегі
нұсқаулықты оқыған жəне құрылғыны
пайдалана алатын тұлғаларға ғана
пайдалануға болады. Алғаш рет
қолданысқа енгізер алдында
пайдаланушы тəжірибелі маманға
жүгінуі керек. Сатушы немесе басқа
маман пайдаланушыға құрылғыны
қауіпсіз жолмен пайдалану ережелерін
түсіндіруі тиіс.
Нұсқау берген кезде пайдаланушыға
құрылғымен жұмыс істеген кезде
барынша абай болып, зейін қоя отырып
жұмыс істеу керек екенін түсіндірген
жөн.
Осы құрылғыны мұқият пайдаланған
кезде де əрдайым қалдық тəуекелдер
пайда болуы мүмкін.
Тұншығудан өлім қаупі бар!
Орауыш материалмен
ойнағаннан балаларға тұншығу
қаупі төнуі мүмкін. Орауыш
материалды балалардан алшақ
ұстаңыз.
Құрылғыны барлық құралдарымен тек
осы үлгімен таныс жəне онымен жұмыс
істей алатын тұлғаларға ғана беруге
рұқсат етіледі. Пайдалану жөніндегі
нұсқаулық құрылғының ажырамас бөлігі
болып табылады жəне жаңа
пайдаланушыға құрылғымен бірге
берілуге тиіс.
Құрылғымен жұмыс істеу жəне
пайдалану үшін пайдаланушының
физикалық, сезіну жəне ойлау қабілетін
қамтамасыз ету. Егер пайдаланушы
физикалық, сезіну немесе ойлау
жағынан шектеулі болса, ол
құрылғымен тек қадағалауда немесе
жауапты тұлғаның нұсқаулары
бойынша ғана жұмыс істей алады.
Пайдаланушының кəмелетке
толғанына немесе ұлттық ережелерге
сəйкес кəсібі бойынша қадағалауда
оқытылғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғымен тек физикалық жəне
психологиялық жағдайы жақсы
болғанда ғана жұмыс істеу керек.
Денсаулығыңыз нашар болған
жағдайда ұсақтағышпен жұмыс істеуге
рұқсат алу үшін дəрігерге жолығыңыз.
Қимылыңызды нашарлататын
дəрілердің немесе алкоголь
ішімдіктерінің əсері барда құрылғымен
жұмыс істеуге тыйым салынады.
Құрылғы тұрмыстық мақсаттарға
арналған.
Назар аударыңыз – жазатайым
оқиғаның қаупі бар!
STIHL бақша ұсақтағышы кесілген
бұтақшалар мен өсімдіктердің
қалдықтарын ұсақтауға арналған. Оны
басқа мақсатпен қолдануға болмайды,
себебі бұл адам үшін қауіпті жəне
жабдық үшін зиянды болуы мүмкін.
473

Werbung

loading