CrystalWave Hot Food On The Go ыдыс-аяғын сатып алғаныңыз үшін сізге алғыс айтамыз,
ол тағамды өзіңізбен бірге алып оны орнында жылытуға мүмкіндік жасайды.
0°C
a s D f G J H
+120°C
Қуатты үнемдеу және ортаны қорғау үшін ыдыс-аяқ жуатын машинадағы төмен температуралы бағдарламаны
пайдаланыңыз.
Қолдану және күту
• CrystalWave Hot Food On The Go - ыдыс-аяғы қысқа толқынды пеште тағамды қыздыруға
арналған, бірақ ас әзірлеуге келмейді.
• Мұздатқышта сақталатын өнімдерді қоспағанда, тоңазытқышта немесе бөлме
температурасындай дайын тағамдарды қыздыруға болады.
• Шетіне дейін 1 см қалдырып, сыйымды ыдысты толтыра беруге болады.
• Ыдысты 0°C - 120°C температурадағы тамаққа қолдануға болады.
• Жылыту орташа қуаттылықта (макс. 600 Вт), шектеулі уақыт ішінде жүзеге асырылуы тиіс.
• Егер тамақты жылыту 3 минуттан асып кетсе, жылдам тоқтатып, тамақтың тығыздығын
азайтып, қайта жылытуға қою керек.
• Үнемі ыдысты микротолөынды пешке салар алдында ішіндегі ас құралдарын алыңыз (А).
• Ыдыстын қақпағын жабар алдында тұтқасы негіздің тұтқасымен сай келіп тұрғанын
тексеру керек (Б).
• Вентиляция жүйесі жылыту кезінде буды шығарып тұрады. Сол себепті тамақты
жылытқан кезде үнемі ашық күйінде тұру керек.
• Ыдысты микротолқынды пешке салар алдында ортасындағы саңылауды басып, бу
шығудын алдын алу үшін ашып қою керек (C).
• Қыздырылып жатқан өнімдерді қараусыз қалдырмаңыз.
• Қыздыру кезінде сыйымды ыдыстың ішіндегісін араластырып тұрған дұрыс.
• Ішіндегісін араластырғаннан кейін қақпағы бар сыйымды ыдысты қайтадан жабыңыз.
• Қақпағы қысқа толқынды пеште тағамның шашырап кетуін болдырмайды.
• Қайта қыздырғаннан кейін ыдысты қысқа толқынды пештен екі қолыңызбен алып шығыңыз
және температураның біркелкі таратылуы үшін үстелге бірнеше минутқа қойыңыз.
• Сыйымды ыдысты қысқа толқынды пештен алып шығу үшін қолғап киіңіз.
• Қақпағын ашу үшін ыдыстың екі тұтқасын ұстап тұра, қатты басу керек. Әрқашан бірінші
бір жағын, содан кейін екінші жағын басығыз (D).
• Теріні бумен күйдіріп алмас үшін әрдайым қақпақты өзіңізден кері бағытта ашыңыз.
• Дәмдеуіштері менен бояуыштары бар тағамдарды, мысалға карри немесе қызанақтарды
қыздыру ыдыстадақтарды қалдыруы мүмкін, бірақ та бұл ыдыстың қолдану қасиеттеріне
әсерін тигізбейді. Tupperware кепілдігі дақтарға берілмейді.
• Ыдысты қақпақпен жауып тоңазытқышқа немесе тасымалдауға салардың алдында
тағамды суытыңыз.
• Ыдысты тасымалдаған кезде будың тесігі жабық екендігіне көз жеткізіңіз.
• CrystalWave Hot Food On The Go толтырылған ыдыс-аяғын тасымалдаған кезде, оны тік
ұстаңыз. Өзіңіздің ыдысыңызда ыстық тағамдарды тасымалдамаңыз.
• Қақпағына ас құралдарын салу кезінде төмендегі нұсқауларды ұстаныңыз:
• Ас қасығын тек сол жағына, пышақты төмен бағыттап салу
• Пышақ пен шанышқы бір жақта
• Пышақ ортасында, ұстарасымен төмен қаратылған күйінде.
• Шанышқы пышақтың оң жағында, ұштары пышақтың ұстарасына кигізілген күйінде.
• Қақпағы түпқойма ретінде қолдануға арналмаған.
• Ыдысты дұрыс қолдану үшін қысқа толқынды пештің нұқсаулығын қараңыз. Айналмалы
төсеніш болған жағдайда Hot Food On The Go ыдыс аяғы оған көлемі бойынша сәйкес
келетіндігіне және оның айналуына кедергі келтірмейтіндігіне көз жеткізіңіз.
• Қолдану бойынша негізгі нұсқаулықтар қақпақтың ішкі жағында ойылып жазылған.
Тазарту
• Алғаш қолданар алдында ыдыс аяқты әрдайым шайыңыз.
• Тазарту кезінде қақпақшаны алыңыз.
• Тағамның жабысып қалған қалдықтарын жылы сабынды суға аз уақыттай малу арқылы
жояды.
• Ыдыс аяқта сызаттың пайда болуын болдырмас үшін абразивті тазартқыш майлықтарын
немесе абразивтік заттарды қолданбаңыз.
Кепілдік
CrystalWave Hot Food On The Go Tupperware ыдыс аяғы тағамдық қолданысқа арналған
жоғары сапалы материалдардан ерекше абайлықпен және дәлдікпен өндіріледі. Оған
Tupperware барлық өніміне берілетін сапа кепілдігі беріледі. Ол материалдың кез-келген
кемшілігі немесе кәдімгі үй жағдайында пайдаланғанда өндірістік ақау табылғанда
бұйымды айырбастауды кепілдейді.
www.tupperwarebrands.com
CrystalWave
KK