Herunterladen Diese Seite drucken

Hisense HCG1600DBT Bedienungsanleitung Seite 195

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 183
Басқару панелі
Алғашқы қолдануға дайындау
1. Аспапты қаптамасынан алыңыз.
2. Қаптама материалдарын лақтырмас бұрын барлық бөлшектер мен жабдықтардың бар-жоғын
тексеріңіз.
3. Осы пайдалану жөніндегі Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз және оны одан ары қолдану
үшін сақтап қойыңыз.
4. Аспапты қарап шығыңыз және сызаттар мен бүлінулердің жоқ екеніне көз жеткізіңіз, қорек
шнурына ерекше назар аударыңыз. Бұзылуларды анықтаған жағдайда бұйымды сатып алған
сауда ұйымына хабарласыңыз.
5. Қолданбас бұрын қуыру пластиналарын және майға арналған түпті ыдыс жууға арналған
құрал қосылған жылы сумен және абразивтік емес губкамен тазалаңыз, кептіріңіз және
орнына орнатыңыз.
6. Майға арналған түпке аз ғана су құйыңыз және түпті аспап негізіне сырт еткен дыбыс
шыққанға дейін ақырын итеріңіз.
Ескертпе. Алғаш қыздыру кезінде жеңіл иіс шығуы немесе аз ғана түтін пайда болуы
мүмкін.Бұл қалыпты жағдай және ақау емес. Иіс шыққан немесе түтін пайда болған кезде
бөлмені желдетіп алыңыз.
Қуыру пластиналарының күйі
1. Блоктау күйі. Қуыру пластиналары ілмек көмегімен бекітілген (төмендегі суретте қоршалған).
Жоғарғы және төменгі пластиналар жабылған және бір-біріне тығыз жабысып тұр. Бұл күй
бұйымды сақтау немесе тасымалдау үшін қолданылады және қыздыру кезінде қолданыла
алмайды.
2. Жабық күйі. Қуыру пластиналары ілмек көмегімен бекітілмеген (төмендегі суретте қоршалған).
Жоғарғы пластина түсірілмеген, жоғарғы және төменгі пластиналардың ара қашықтығы өнімд
ердің қалыңдығына байланысты автоматты түрде реттеледі.
193

Werbung

loading