Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GRG 18V-16 C Professional Originalbetriebsanleitung Seite 177

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GRG 18V-16 C Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),
міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік
белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Қысқыш жұдырықшаларды тазалау
(E1−E3 суреттерін қараңыз)
– Қорғаныш төлкені (2) сағат тілінің бағытына қарсы
бұрап, электр құралынан алыңыз.
– Гайка кілтімен (16 мм) кілт жазықтығына (22) қарсы
ұстап тұрып, қысқыш жұдырықша төлкесін (21)
босатыңыз.
– Қысқыш жұдырықша төлкесін (21) тартып
шығарыңыз.
Нәтижесінде қысқыш жұдырықшаларға (23) және
қыспа серіппеге (24) еркін қол жеткізу мүмкін болады.
– Қысқыш жұдырықшаларды (23) және қыспа серіппені
(24) шаң мен металл жоңқасынан тазартыңыз.
– Қажет болса, қысқыш жұдырықшаларды (23)
алмастырыңыз.
– Барлық құрамдас бөлшектерді әрекеттердің кері
реттілігі бойынша монтаждаңыз.
Кіріктірілген түймелі элементті алмастыру
®
Bluetooth
Low Energy Module модулінде түймелі элемент
бар.
Егер түймелі элемент тым әлсіз немесе заряды тым төмен
болса, сізге бұл мәселе туралы Bosch Toolbox
хабарлайды. Түймелі элементті алмастыру жұмысын
Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдарына
арналған өкілетті қызмет көрсету орталығы өткізуі тиіс.
Назар аударыңыз: түймелі элементті әрдайым
u
бірдей түрдегі түймелі элементке ауыстырыңыз.
Жарылыс қаупі бар.
Заряды қалмаған кіші батареяларды тиісті ретте
u
алып тастап кәдеге жаратыңыз. Заряды қалмаған
батареялар тығыз болмай қалып өнімді зақымдауы
немесе адамдарды жарақаттауы мүмкін.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық
тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Bosch Power Tools
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша
Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау
пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті
ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
ала аласыз
Қызмет көрсету орталықтарының басқа да
мекенжайларын мына жерден қараңыз:
www.bosch-pt.com/serviceaddresses
Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде
өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі
төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін
жөндеуге құқылы болады:
– механикалық зақымдардың жоқтығы;
– пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу
белгілерінің жоқтығы;
– пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату
туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының
бар болуы;
– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік
талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі;
– біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы.
Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды:
– форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген
сынықтар;
– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының
қалыпты тозуы.
Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б.
сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін
қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі
туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді:
– табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы);
– қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате
қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін
бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның
бөліктері;
Қазақ | 177
1 609 92A 6HC | (14.12.2021)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis