Herunterladen Diese Seite drucken

Kärcher CNS 18-30 Battery Originalbetriebsanleitung Seite 520

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für CNS 18-30 Battery:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Тəуекелдерді азайту
АБАЙЛАҢЫЗ
● Құрылғыны ұзақ қолданған
кезде қолдағы қан айналымы
бұзылуы мүмкін. Щеткамен
жұмыстың жалпы
ұзақтығын орнатпау керек,
себебі ол көптеген
факторларға байланысты
болады:
 Жеке нашар қан айналымға
бейімділік (жиі
саусақтарыңыз
салқындайды,
саусақтарыңыз шаншиды).
 Қоршаған орта
температурасы төмен.
Қолды қорғау үшін жылы
қолғаптарды қолданыңыз.
 Щетканы мықтап ұстау
салдарынан қан
айналымының нашарлауы.
 Үзіліспен жұмыс істеуге
қарағанда, үздіксіз жұмыс
істеу зиян.
Құрылғыны тұрақты жəне
ұзақ қолданған кезде жəне
саусақтардың шаншуы,
салқын саусақтар сияқты
қан айналымының нашарлау
белгілері бірнеше рет пайда
болғанда, дəрігерге қаралу
қажет.
Бұйымды мақсатына сəйкес
қолдану
ҚАУІП
Қате пайдалану
Кесіп кетуінің салдарынан өмірге қауіп
Құрылғыны тек нұсқауға сəйкес қолданыңыз.
 Шынжырлы ара тек жеке пайдалануға арналған.
 Шынжырлы ара ашық ауада жұмыс істеуге ғана
арналған.
520
 Қауіпсіздік мақсатында шынжырлы ара əрдайым
екі қолмен нық ұсталуы керек.
 Шынжырлы аралар бұтанақтарды, бұтақтарды,
тамырларды жəне арқалықтарды аралау үшін
жасалған. Бағыттаушы рельстің кесу ұзындығы
араның ең үлкен ықтимал диаметрін анықтайды.
 Шынжырлы ара тек ағаш кесу үшін ғана
пайдалануға болады.
 Шынжырлы араны дымқыл ортада немесе
жаңбырда пайдаланбаңыз.
 Шынжырлы араны жақсы жарықтандырылған
ортада пайдаланыңыз.
 Өндіруші рұқсат бермеген өзгерістер мен
модификациялауға қауіпсіздік себептері
бойынша тыйым салынады.
Мақсаты бойынша пайдаланбауға рұқсат
берілмейді. Пайдаланушы дұрыс пайдаланбау
салдарынан болатын қауіп-қатерлерге жауапты.
Қоршаған ортаны қорғау
Орауыш материалдарын утилизациялауға
болады. Орауыштарды қоршаған ортаға
қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.
Электрлік жəне электрондық бұйымдардың
құрамында қате қолдану немесе
утилизациялау нəтижесінде адам
денсаулығына жəне қоршаған ортаға қауіп
төндіруі ықтимал, құнды қайта өңделмелі
материалдар жəне батареялар, аккумуляторлар
немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі.
Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше
пайдалану үшін қажет болады. Осы таңбамен
белгіленген бұйымдарды үй қоқыстарымен бірге
тастауға болмайды.
Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы
мəліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.kaercher.com/REACH
Керек-жарақ жəне қосалқы
Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы
бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың
қауіпсіз жəне апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік
болады.
Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
Жеткізілім жинағы
Бұйымның жеткізілім жинағы орауыштың үстінде
көрсетілген. Бұйымды орауыштан шығарғанда
жинақтың толықтығын тексеріп шығыңыз. Керек-
жарақтар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде
зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге
хабарласыңыз.
Қорғаныс құрал-жабдықтары
АБАЙЛАҢЫЗ
Жоқ немесе өзгертілген қорғаныс құрал-
жабдықтары
Қорғаныс құрылғысы сіздің қауіпсіздігіңізге
арналған.
Қорғаныс құрылғысын ешқашан өзгертпеңіз
немесе ажыратпаңыз.
Қазақша
бөлшектер

Werbung

loading