Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GKS 18 V-LI Professional Originalbetriebsanleitung Seite 170

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GKS 18 V-LI Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
170 | Қазақ
бойынша тексерілген болып тиісті ретте
белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Аралау дискісін таңдау
Ұсынылатын дискілерге шолуды осы пайдалану
нұсқаулығының соңында табуға болады.
Ара дискін шешу (A суретін қараңыз)
Электр құралды қозғалтқыш корпусының бүйірлік жағына
қойыңыз.
– Шпиндельді бұғаттау түймесін (14) басып, ұстап
тұрыңыз.
Шпиндельді бұғаттау түймесін (14) ара шпинделі
u
тоқтап тұрған болса ғана басыңыз. Әйтпесе электр
құралын зақымдауыңыз мүмкін.
– Алты қырлы дөңбек кілтпен (16) қысқыш
бұрандаманы (22) ➊ бағытында бұрап шығарыңыз.
– Маятниктік қорғағыш қаптаманы (7) артқа тартып,
берік ұстаңыз.
– Қысқыш фланецті (21) және аралау дискісін (20)
шпиндельден (18) алыңыз.
Ара дискісін орнату (A суретін қараңыз)
Электр құралын қозғалтқыш корпусының бүйірлік жағына
қойыңыз.
– Ара дискісін (20) және барлық бекіту бөлшектерін
тазалаңыз.
– Маятниктік қорғағыш қаптаманы (7) артқа тартып,
берік ұстаңыз.
– Ара дискісін (20) тірек фланеціне (19) орнатыңыз.
Тістің кесу бағыты (ара дискісіндегі көрсеткі бағыты)
мен қорғайтын қорғаныс қаптамасындағы (7)
айналдыру көрсеткісінің бағыты бірдей болуы тиіс.
– Қысқыш фланецті (21) орнатыңыз және қысқыш
бұранданы (22) ➋ бағытында бұрап бекітіңіз. Қысқыш
фланецтің (19) және тірек фланецтің (21) орнату күйі
дұрыс болуын қадағалаңыз.
– Шпиндельді бұғаттау түймесін (14) басып, ұстап
тұрыңыз.
– Алты қырлы дөңбек кілтпен (16) қысқыш бұранданы
(22) ➋ бағытында бұрап бекітіңіз. Тарту моменті 6–
9 Нм болуы керек, бұл қолмен және ¼ айналым немесе
(23) белгісінің қорғағыш қаптамада (4) 3 сызықшаға
сай келеді.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Құрамында асбест бар материалды тек техник
мамандар ғана өңдеуі керек.
1 609 92A 7T1 | (25.05.2022)
– Шаңсорудың жоғары деңгейіне жету үшін осы электр
құралмен бірге ағашқа арналған GAS 25/GAS 50/ GAS
50 M шаңсорғышын немесе ағаш және/немесе
минералдық шаңға арналған GAS 50 MS шаңсорғышын
пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілгеніне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі класындағы респираторды пайдалануға кеңес
беріледі.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
нұсқамаларды орындаңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Сору адаптерін орнату (B суретін қараңыз)
Сору адаптерін (26) бекіту бұрандасы (25) арқылы
негізгі тақтаға (6) бекітіңіз.
Сору адаптерін (26) диаметрі 35 мм сору шглангісіне
жалғауға болады.
Сору адаптерін сору құрылғысын жалғамай қосуға
u
болмайды. Әйтпесе сору арнасы бітеліп қалуы
мүмкін.
Сору адаптеріне шаң жинау қабын кигізуге
u
болмайды. Әйтпесе сору жүйесі бітеліп қалуы мүмкін.
Дұрыс тартылуы үшін сору адаптерін (26) жүйелі түрде
тазалап тұрыңыз.
Сыртқы сорғыш
Сору шлангісін (27) шаңсорғышқа қосыңыз (керек-
жарақ). Осы нұсқаулықтар соңында түрлі
шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Пайдалану түрлері
Кесік тереңдігін реттеу (C суретін қараңыз)
Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына
u
байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін
болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы
керек.
Қысқыш тұтқышты (29) босату. Шағын аралау тереңдігі
үшін араны тірек тақтадан (6) ары тартыңыз, үлкен
тереңдік үшін араны тірек тақтаға (6) басыңыз. Аралау
тереңдігінің шкаласы бойынша қажет өлшемді
орнатыңыз. Цангалық қысқышты (29) берік бекемдеңіз.
Қысқыш тұтқыштың (29) қысу күшін реттеуге болады. Ол
үшін (29) қысқыш тұтқышты шешіп кемінде сағат тіліне
қарсы 30°-ке жылжытып қайта бекітіңіз.
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis