Техникалық сипаттамалары
Үлгі ..............................................................................................................................RYM-M5401-E
Қуаты ...........................................................................................................................................50 Вт
Кернеуі ..........................................................................................................220-240 В, 50/60 Гц
Электр тоғына ұшыраудан қорғаныс .......................................................................II дәреже
Жұмыс индикациясы ..............................................................................................светодиодтік
Басқару типі ...............................................................................................................электрондық
Корпус материалы ...................................................................пластик, тат баспайтын болат
Йогуртқа арналған құтының материалы .......................................................................шыны
Йогуртқа арналған құтының сыйымдылығы .................................8 × 180 мл = 1440 мл
Таймер ........................................................... 1 сағаттан 2 сағатқа дейінгі уақытты орнату
Сөндіру .............................................................................................................................автоматты
Йогурт әзірлеуді ынғайлы бақылайтын мөлдір жапқыш............................................. бар
Габариттік өлшемдері (ені × биіктігі × ұзындығы) ......................... 330 × 150 × 215 мм
Тұғырықтан таза салмақ ......................................................................................................2,7 кг
Электр бау ұзындығы ................................................................................................................1 м
Жинақ
Йогурт жасайтын құрал ..................................................................................................... 1 дана
Жапқыштың үстінде күн маркеры бар йогуртқа
арналған құты ....................................................................................................................... 8 дана
Пайдалану бойынша нұсқаулық ..................................................................................... 1 дана
Сервистік кітапша ................................................................................................................ 1 дана
Өндіруші осындай өзгерістер туралы қосымша хабарламастан өз өнімін жетіл-
діру барысында оның дизайны, жинағы, сонымен қатар бұйымның техникалық
сипаттамаларына өзгеріс енгізуге құқылы. Техникалық сипаттамаларда ±10%
қателікке жол беріледі.
A1
Аспаптың құрылымы (
1. Жапқыш
2. Корпус
3. On/Off («Қосу/Ажырату») батырма-
сы — дайындау үрдісін қосу/тоқта-
ту
4. Жұмыс тәртібінің жарық диодты
индикаторы
5. Дисплей
56
сурет, 3 бет)
6. Қыздыру жарық диодты индикаторы
7.
Timer батырмасы — уақытты бел-
гілеу (1 сағаттан 12 сағатқа дейін-
гі уақытты орнату, орнату қадамы —
1 сағ)
8. Қақпақтары бар шыны құтылар
9. Уақыттың қол маркері
10. Электр қоректендіру бауы
I. АЛҒАШҚЫ ҚОСАР АЛДЫНДА
Бұйымды орамынан шығарып, барлық орау материалдары мен жарнамалық жапсы-
рмаларды алып тастаңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма-көрсеткіш (бар болса) және бұй-
ымның сериялық нөмірі бар кестешені орнында міндетті түрде сақтаңыз!
Тасымалдаған немесе төмен температураларда сақтаған соң аспапты қосар
алдында кем дегенде 2 сағат бөлме температурасында ұстау қажет.
Құралдың корпусын ылғалды матамен сүртіңіз де құрғатыңыз. Аспапты алғашқы
пайдаланылғанда бөтен иіс шықпау үшін оны тазалаңыз.
II. АСПАПТЫ ПАЙДАЛАНУ
Сүтті таңдау
Қаймағы алынбаған немесе ішінара майсыздандырылған, алдын-ала қайнатуды талап
етпейтін сүтті (аса жоғары температураны пайдаланып өңделген, ұзақ сақталған
сүт, — UHT немесе құрғақ сүт) пайдалану қолайлырақ. Шикі (балғын) немесе пастерленген
сүтті қайнатып, суыту керек, содан кейін сүттің бетін алып тастау үшін сүзу керек.
Қаймағы алынбаған сүтті пайдаланып дайындалған йогурт аса тығыз қоюлық
пен қанық дәмге ие болады. Аса қою йогурт дайындау үшін, 1 литр сүтке 2-3 ас
қасық құрғақ сүт қосып, алынған қоспаны мұқият араластыру қажет.
Сүт үй температурасында немесе сәл ғана жылы (36-40°С) болуы тиіс. Салқын-
датылған сүтті пайдалануға болмайды.
Ұйытқыны таңдау
Ұйытқы ретінде мыналарды пайдалануға болады:
• Өнеркәсіптік жолмен дайындалған, 1 литр сүтке 3-5 ас қасық йогурт есебін-
дегі, жарамдылық мерзімінің өтуіне дейінгі уақытының ең көп ықтимал қоры
бар табиғи йогурт.
• Құрғақ лиофилизирленген ұйытқы (дәріханалардан, супермаркетерде, кейбір
диеталық өнімдер дүкендерінен сатып алуға болады). Бұл жағдайда пайда-
лану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген, белсендіру уақытын өту керек.
• Өзіңіз дайындаған йогурт.
Йогурттың алғашқы топтамасын дайындағаннан кейін, оның бірқатар бөлігін
келесі дайындағанға дейін сақтау жеткілікті. 5 топтаманы дайындағаннан
кейін, жаңа ұйытқыпайдалану қажет, өйткені уақыт өте келе ол сарқылады, бұл
қоюлығы аз йогурт алуға алып келеді.