Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Утилизация - Metro Professional Ct0004B Bedienungsanleitung

Inhaltsverzeichnis
Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 3
ҚҰРАСТЫРУ
1.
Дөңгелекті орнататын жерлерге қол жеткізу үшін арбаны ыңғайлы позицияға төңкеріп қойыңыз.
2.
Платформаның (2) астынан алдын ала орнатылған болттарды (8) шығарып алыңыз.
3.
Бұған дейін шығарып алу үшін қолданылған жабдықтың көмегімен арбаның артқы жағындағы екі бұрылатын дөңгелекті (5) және алдыңғы жағындағы
екі қатты дөңгелекті (4) бекітіңіз (1-сурет).
4.
Болттардың мықтап қатайтылғанына және қауіпсіз екеніне көз жеткізіңіз. Оларды шамадан тыс қатайтпаңыз!
ҚОЛДАНУ
Ашу
1.
Арбаны тегіс жерге қойыңыз.
2.
Өнімнің артына тұрып, тұтқаны (1) өзіңізге қарай көтеріңіз (2-сурет).
3.
Сырт еткен дыбыс естіліп, тұтқа (1) тігінен өз орнына түсуі керек.
Жүк тиеу
1.
Жүкті платформаға (2) қойып, әсіресе жүк платформадан қатты шығып тұрса немесе өте биік болса, оны қауіпсіздік белдігімен немесе соған ұқсас
затпен байлаңыз. Жүкті бірдей үлестіріп қойыңыз.
2.
Заттар тасымалдаған кезде өнімді тұтқасынан (1) мықтап ұстаңыз.
3.
Үлкен, салбырап тұратын немесе ауырлық күші жоғары жүктер (мысалы, тұтқа биіктігінің жартысынан да биік), арбаға ие болу қиындай түседі.
Арбаға жүк тиегенде ауырлық орталығы төмен болуын және мүмкін болса, платформаға (2) жатуын қадағалаңыз. Тиелген жүкті қауіпсіз тасымалдай
алмасаңыз, өнімді пайдаланбаңыз.
4.
Жүкті тиеп немесе жүкті түсіріп жатқанда немесе арбаны ұзақ уақыт пайдаланбайтын болсаңыз, тежеуіш педалін (6) (3-сурет) іске қосыңыз.
ПАЙДАЛАНҒАН СОҢ
1.
Арбаны тегіс жерге қойыңыз.
2.
Тұтқаны босату білігін (7) аяқпен босатыңыз (4-сурет). САҚ БОЛЫҢЫЗ! Аударылып кету қаупі бар!
3.
Тұтқаны босату білігін (7) басып тұрып, тұтқаны (1) платформаға (2) бүктеңіз.
4.
Тұтқаны босату білігін (7) босатыңыз.
5.
Арба дөңгелектерімен ұзақ уақыт тұратын болса, тежеуіш педалін (6) іске қосыңыз.
ТАЗАЛАУ, КҮТІМ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ
1.
Өнімді дымқыл шүберекпен тазалап, содан кейін құрғатыңыз.
2.
Арбаның жағдайын, әсіресе дөңгелектері мен қоспаларын жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз.
3.
Бөлшектердің түпнұсқасын ғана пайдаланыңыз.
4.
Қосалқы бөлшектерді сатушыдан алуға болады немесе өндірушіге хабарласыңыз.
5.
Өнімдегі жапсырмалар мен белгілердің жақсы күйде екеніне көз жеткізіңіз. Ақпарат оқылмайтын жатса, өнімді пайдаланбаңыз.
6.
Бұл өнімде тұтынушы жөндей алатын бөлшектер жоқ. Оны тексерту және жөндету үшін білікті маманға хабарласыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: бұл өнімді тазалау үшін химиялық, сілтілі, абразивті немесе басқа агрессивті жуғыш заттарды немесе залалсыздандыру
құралдарын қолданбаңыз, себебі олар оның беттерін зақымдауы мүмкін.
САҚТАУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ
Сақтау
1.
Өнімді жоғарыда сипатталғандай тазалаңыз.
2.
Өнімді құрғақ, аязы жоқ жерде сақтаңыз. Оны кез келген ылғалдан қорғаңыз.
3.
Өнімді әрқашан балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз. Ең қолайлы сақтау температурасы – 10 °C және 30 °C аралығы.
4.
Өнімді түпнұсқа қаптамасында сақтаған немесе оны шаңнан қорғау үшін қолайлы матамен жауып қоған дұрыс.
ЕСКЕРТПЕ: Қайта пайдаланардың алдында осы пайдалану нұсқаулығын пайдаланып, өнімнен ықтимал тозу және зақымдалу
белгілерін тексеріңіз.
Тасымалдау
1.
Арбаны қозғамас бұрын, тежеуіштерді босатыңыз. Арбаны қозғау үшін тасымалдау тұтқасынан қолданыңыз.
2.
Өнімді көлікте тасымалдаған кезде пайда болуы мүмкін ауыр соққыдан немесе күшті дірілден қорғаңыз.
3.
Өнімді сырғытпау немесе құлатып алмау үшін оны бекітіп қойыңыз.
УТИЛИЗАЦИЯ
Қолданылған өнімдерді қайта өңдеуге болады, сондықтан оларды әдеттегі тұрмыстық қалдықтармен бірге шығармаңыз. Сол үшін табиғи ресурстарды
үнемдеп қолдануға және қоршаған ортаны таза ұстауға шақырамыз. Мүмкін болса, бұл өнімді қоқысты қайта өңдеу орталықтарына қайтарыңыз.
КЕПІЛДІК
Осы өнімге заңмен бекітілген кепілдік беріледі
Кінарат талаптар анықталған бетте бірден жіберілуі тиіс.
Кепілдік талаптарының құқықтары кез келген сатып алушы немесе үшінші тараптар араласуымен аяқталады.
Дұрыс ұстамау немесе пайдаланбау, дұрыс қоймау немесе сақтамау, дұрыс жалғамау немесе орнатпау, күшпен немесе басқа сыртқы ықпал
себебімен болған зақымдар бұл кепілдікте қамтылмаған. Құрамында маңызды ақпараты бар пайдалану нұсқауларын мұқият оқып шығуды ұсынамыз.
Сатып алушы кепілдіктің талаптарын сатып алынған заттың квитанциясын ұсыну арқылы дәлелдейді.
Ескерту:
1. Өнім дұрыс жұмыс істемеген жағдайда, алдымен басқа себептерді қараңыз, мысалы, қуат көзінің үзілуі немесе дұрыс пайдаланбау себебі.
2. Төмендегі құжаттар бұзылған өніммен бірге ұсынылуы тиіс екенін ескеріңіз:
– Тауар түбіртегі
– Модель сипаттамасы/түрі/маркасы
– Ақауды және мәселені толығырақ сипаттаңыз.
Кепілдік талабы немесе ақаулар жағдайында, сатушының өзіне хабарласыңыз.
GWL 7/08 NE/KZ
MCC Trading International GmbH
Schlüterstraße 5
40235 Düsseldorf
Germany
Made in China
QA22-0000001913
CT0004B
Импортер и организация по принятию претензий на территории РК:
ТОО "МЕТРО Кэш энд Керри", Казахстан, г. Алматы, 050031,
ул. Саина 16 В. Тел.: 8727 2321200 +7 (727) 232-38-18;
ҚР импорттаушы: «МЕТРО Кэш энд Керри» ЖШС. Қазақстан,
Алматы қ.,050031, Сайын к-cі., 16В. Сапа бойынша
шағымдарды импорттаушы қабылдайды.
Тел.: +7 (727) 232-12-00, факс: +7 (727) 232-38-18.
Hotline: 8 8000 800 222
Website: metro.com.kz
E-Mail: clients@metro.com.kz
Срок службы: 2 года; Қызмет ету мерзімі 2 жыл
таза салмағы/масса нетто: 13,15 кг
өлшемі/размер: 605 × 900 × 880 мм
Өндіруші/Производитель: Zhejiang Naite Sports &
Cycles Ltd, Floor 1, Building 1, No.1 Gangzhong, Rd.,
Kangji North Street, Chisong, Town, Jindong Dist.,
Jinhua, 321000, ZHEJIANG, Қытай
Шығарылған елі: Қытай
материал: Болат
KAZAKHSTAN
- 39 -
230309
Inhaltsverzeichnis
loading

Verwandte Produkte für METRO PROFESSIONAL CT0004B

Inhaltsverzeichnis