Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch GBM 50-2 Professional Originalbetriebsanleitung Seite 204

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GBM 50-2 Professional:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
204 | Қазақ
Электр құралын берік, тегіс және көлденең бетте
u
бекітіңіз. Егер электр құралы сырғитын немесе
тербелетін болса, оны бірқалыпты және сенімді
басқару мүмкін болмайды.
Өңделетін дайындаманы қоса бүкіл жұмыс
u
аймағын таза ұстаңыз. Өткір қырлы бұрғылау
жоңқасы мен бөгде заттар жарақаттануға әкелуі
мүмкін. Материал қоспалары өте қауіпті. Жеңіл металл
шаңы жанып жарылуы мүмкін.
Жұмыстан соң алмалы-салмалы аспап суығанша
u
тимеңіз. Алмалы-салмалы аспап жұмыс істеген кезде
қатты қызады.
Жұмыс процесі аяқталғаннан кейін бағыттауыш
u
штифтен шығарылатын кернге тимеңіз. Керн өте
ыстық болуы мүмкін.
Кабельді жүйелі түрде тексеріп зақымдалған
u
кабельді тек Bosch электр құралыдарыңың өкілетті
сервистік қызметыне жөндетіңіз. Зақымдалған
ұзартқыш кабелін алмастырыңыз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Пайдаланбаған электр құралын дұрыс сақтаңыз.
u
Жататын жері құрғақ және жабылатын болуы
керек. Осылай электр құралы жатқан жерінде
зақымдалуы немесе тәжирібесіз адамдар
пайдалануына жол бермейсіз.
Электр құралды зақымдалған кабельмен
u
пайдаланбаңыз. Егер кабель жұмыс істеу кезінде
зақымдалса зақымдалған кабельді тимей желі
айырын шығарыңыз. Зақымдалған кабель электр
тоғының соғу қаупін арттырады.
Электр құралын тиісті тәртіппен жерге тұйықталған
u
ток желісіне жалғаңыз. Розетка мен ұзартқыш
кабельде ақаусыз қорғаныш сым болуы қажет.
Магниттің ұсталуы дайындаманың қалыңдығына
u
тәуелді. Үздік ұсталуы қалыңдығы кем дегенде 20 мм
болатын көміртегі аз болатта қамтамасыз етіледі.
Қалыңдығы азырақ болатын болатта бұрғылау кезінде
магниттік тіреу тақтасының астына қосымша болат
тақтаны (минималды өлшемдері 100 x 200 x 20 мм)
қою керек. Болат тақтаны түсіп қалудан бекітіңіз.
Металл жоңқасы мен басқа да ластағыш заттар
u
магниттің ұсталуына елеулі әсер етеді. Әрдайым
магниттік тіреу тақтасының таза екендігіне көз
жеткізіңіз.
Магниттің босап кетуіне жол бермеңіз. Бұрғылау
u
жұмысын бастамас бұрын магниттік тіреу тақтасының
дайындамада тиісінше ұсталғанына көз жеткізіңіз.
Магнит күшін өшірмеңіз немесе аспап толық
u
тоқтағанша кері бұрғылау функциясын
пайдаланыңыз.
Жеке розеткаларында пайдаланылатын басқа
u
электрлік құрылғылар біркелкі емес кернеуді
тудырып, магниттің босап кетуіне апарып соғуы
мүмкін. Бір розеткада тек электр құралының өзін ғана
пайдаланыңыз.
1 609 92A 7Y6 | (31.05.2022)
Сақиналы бұрғылау коронкаларын суыту
u
сұйықтығынсыз пайдаланбаңыз. Суыту
сұйықтығының деңгейін әрдайым жұмысты бастамас
бұрын тексеріңіз.
Қозғалтқышты қорғаңыз. Қозғалтқышта ешқашан
u
суыту сұйықтығының, судың немесе басқа
сұйықтықтардың қалуына жол бермеңіз.
Металл жоңқасы әдетте өте өткір және ыстық
u
болады. Оған еш жағдайда жалаңаш қолмен
тимеңіз. Магниттік жоңқа жинағышпен және жоңқа
ілмегімен немесе басқа арнайы құралмен тазалаңыз.
Құрылғыны еш жағдайда қате немесе төмен
u
кернеумен пайдалануға әрекеттенбеңіз. Тиісті
кернеу мен жиіліктің пайдаланылғанына көз жеткізу
үшін фирмалық тақтайшаны қараңыз.
Электр құралы лазер ескерту белгісімен бірге
u
жеткізіледі ("Белгілер және олардың мағанасы"
кестесін қараңыз).
Электр құралындағы ескертулер анық көрінетін
u
болсын.
Лазер сәулесін адамдарға немесе
жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз
де тікелей немесе шағылысқан лазер
сәулесіне қарамаңыз. Бұл адамдардың
көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға
әкелуі немесе көзге зақым келтіруі мүмкін.
Егер лазер сәулесі көзге түссе көздерді жұмып
u
басты сәуледен ары қарату керек.
Лазер құрылғысында ешқандай өзгерту
u
орындамаңыз.
Балаларға электр құралын бақылаусыз
u
пайдалануға рұқсат етпеңіз. Олар басқа адамдардың
немесе өзінің көзін абайсыздан шағылыстыруы мүмкін
Егер лазер ескерту тақтасының мәтіні еліңіздің
u
тілінде болмаса, алғаш рет қолданысқа енгізбес
бұрын оның орнына еліңіздің тіліндегі
жапсырманы жабыстырыңыз.
Белгілер
Төмендегі белгілер электр құралды пайдалануда
маңызды болуы мүмкін. Белгілер менен олардың
мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну
сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға
көмектеседі.
Белгілер мен олардың мағынасы
ЕСКЕРТУ! Лазер сәулесін
адамдарға немесе
жануарларға бағыттамаңыз
және лазер сәулесіне
немесе оның шағылуына
тікелей қарамаңыз.
Bosch Power Tools

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

0 601 1b4 0203 601 ab4 0