КҮТІМ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
1. Үтікті қабырғадағы розеткадан суырып, әбден суытыңыз.
2. Табанға жиналып қалған кір мен қалдықтарды сірке су мен су ерітіндісіне малынған қатты
матамен кетіруге болады.
3. Металды дымқыл шүберекпен сүртіп, содан кейін құрғақ матамен жылтырата сүртуге болады.
4. Табанды тазалау үшін ешқашан қажағыш заттарды пайдаланбаңыз.
5. Табан әрқашан тегіс болу керек: металл заттарға қатты тигізбеңіз.
САҚТАУ
• Температураны реттейтін тетікті «MIN» позициясына бұрып, бу шығаратын тетікті «
бусыз) позициясына орнатыңыз.
• Үтікті қабырғадағы розеткадан суырыңыз.
• Су резервуарында қалған суды толық төгіп тастаңыз.
• Үтікті тіктеп қойыңыз және әбден суытыңыз.
• Қуат сымын үтікті айналдыра орап қоюға болады.
• Үтікті әрқашан тік қалпында сақтаңыз.
ӨЗДІГІМЕН ТАЗАЛАНУ
Қақ пен кірді кетіру үшін өздігімен тазалану функциясын пайдалануға болады.
Өздігімен тазалану функциясын екі аптада бір рет қолданып тұрыңыз. Сіз тұратын аймақтағы су
өте кермек болса, өдігімен тазалану функциясын бұдан жиірек пайдаланған дұрыс.
• Құрылғының желіден ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
• Бу шығаратын тетікті «
» позициясына орнатыңыз.
• Су резевуарын максималды деңгейге дейін толтырыңыз.
• Үтіктеудің ең жоғары температурасын таңдаңыз.
• Штепсельді қабырғадағы розеткаға енгізіңіз.
• Температураның сары индикаторы өшкенде үтікті желіден ажыратыңыз.
• Үтікті раковинаның үстінде ұстап тұрыңыз және оны аздап шайқап, өздігімен тазалану
түймесін басыңыз. (Табаннан бу мен қайнаған су шығады. Егер қақ пен кір болса, үтіктен
шайылып шығады.)
• Резервуардағы су толығымен ағып кеткен соң өздігімен тазалану түймесін жіберіңіз. Егер
үтікте әлі де қақ пен қалдықтар қалса, өздігімен тазалану процесін қайталап орындаңыз.
ҚАУІПСІЗДІК МАҚСАТЫНДА САҚТАНДЫРЫП ӨШУ
Термостаттың бұзылуы неғайбыл, дегенмен бұл орын алса, сақтандырып өшу үтіктің қызып
кетуіне жол бермейді .
Бұндай жағдайда үтікті жақын маңдағы уәкілетті қызмет көрсету орталығына жеткізу қажет.
СУ АҒЫП КЕТУІНЕ ҚАРСЫ ФУНКЦИЯ:
Бұл үтік су ағып кетуіне қарсы функциямен жасақталған: табаннан су тамшылауға жол бермес
үшін, температура тым төмен болғанда үтік булауды автоматты түрде тоқтатады.
ҚАҚ ПАЙДА БОЛУЫНА ҚАРСЫ ФУНКЦИЯ:
Бу камерасында минерал қалдықтары жиналып қалмас үшін, қақ пайда болуына қарсы функция
суды минералдардан тазартады.
Қаққа қарсы картридж су резервуарының ажырамас бөлігі болып табылады және
ауыстырылмайды.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Қуаты: 220-240 В айнымалы ток • 50/60 Гц • 2000-2400 Вт
Қоршаған ортаға зиян тигізбейтін әдіспен жою
Әрқашан қоршаған ортаны ластанудан қорғаңыз! Жергілікті ережелерді сақтауды
ұмытпаңыз: істен шыққан электр жабдықтарды қалдықтарды жоятын тиісті орталыққа
жеткізіңіз
66
INSTRUCTION MANUAL
» (=
CORDLESS STEAM IRON
GEBRAUCHSANWEISUNG
KABELLOSES DAMPFBÜGELEISEN
INSTRUKCJA OBSŁUGI
BEZPRZEWODOWE ŻELAZKO
PAROWE
ПОСІБНИК КОРИСТУВАЧА
БЕЗДРОТОВА ПАРОВА ПРАСКА
MANUAL DE UTILIZARE
FIER DE CĂLCAT
CU ABURI FĂRĂ FIR
UPUTSTVO ZA UPOTREBU
BEŽIČNA PEGLA NA PARU
УПЪТВАНЕ ЗА УПОТРЕБА
БЕЗКАБЕЛНА ПАРНА ЮТИЯ
ПРАВИЛА ЭКСПЛУАТАЦИИ
БЕСПРОВОДНОЙ ПАРОВОЙ УТЮГ
ENGLISH ............................ PAGE 2
SCG/CRO/B.i.H. .......... STRANA 27
DEUTSCH ........................... SEITE 7
БЪΛГАРСКИ ...................... СТР. 32
POLSKI ....................... STRONA 12
РУССКИЙ .......................... СТР. 37
УКРАЇНСЬКА ................. СТОР. 17
FRANÇAIS ........................ PAGE 42
ROMANESTE .............. PAGINA 22
ΕΛΛΗΝΙΚΑ .................. ΣΕΛΙΔΑ 47
FA-5633-4
MODE D' EMPLOI
FER À VAPEUR SANS CORDON
ΟΔΗΓΙΕΣ ΧΡΗΣΕΩΣ
ΑΣΥΡΜΑΤΟ ΣΙΔΕΡΟ ΑΤΜΟΥ
MANUALE ISTRUZIONI
FERRO DA STIRO A VAPORE
CORDLESS
GEBRUIKERSHANDLEIDING
DRAADLOOS STOOMSTRIJKIJZER
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
СЫМСЫЗ ҮТІК
ITALIANO .................... PAGINA 53
NEDERLANDS ........... PAGINA 58
ҚАЗАҚ ................................. БЕТ 63