Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

emil lux RWH-2000 A Set Originalbetriebsanleitung Seite 68

Reifenwechsel-set
Inhaltsverzeichnis
Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
KAZ
• Қосымша қауіпсіздік шаралары, мəселен, көлік
құралының артқа жүріп кетуіне, сырғанауына
немесе аударылуына жол бермейтін қосымша
тіреуіштер қою, дөңгелектерді блоктау жəне т.б.
шаралар қабылданбаған жағдайда, ешқашан
көтеріліп тұрған көлік құралының астында
жұмыс істемеңіз. Жұмысты бастаудың алдында
міндетті түрде қозғалтқышты өшіріп, көлік құра-
лының астында немесе оның жанында бөгде
адамдардың болмауын қадағалау қажет.
• Аспаптың көмегімен адамдарды көтеруге
тыйым салынады.
• Аспаппен жұмыс істеу кезінде жұмыс аймағын
таза ұстаңыз.
• Аспаппен жұмыс істегенде жарықтандырудың
жеткілікті болуын қадағалаңыз.
• Қолдарыңызды таза ұстаңыз жəне оларға май
тигізбеңіз.
• Аспаптың күрделі жұмыс жағдайларында (мысалы,
төтенше климаттық жағдайларда, қату ықтимал-
дығы бар аймақта немесе күшті магниттік өрістер
болғанда) пайдаланылуына жол бермеген жөн.
• Автомобиль домкратын бөлшектеуге болмайды.
Оны бөлшектеу кейіннен оның дұрыс жұмыс істеме-
уіне жəне ақаулықтардың туындауына алып келеді.
• Ешқашан гидравликалық цилиндрдегі (қызыл
қалпақтың астындағы) реттегіш бұранданың
күйін ауыстырмаңыз!
• Техникалық қызмет көрсеткеннен жəне/немесе
аспаппен жұмыс істегеннен кейін міндетті
түрде қол жуу керек. Улану қаупі бар!
• Төгілген гидравликалық майды міндетті түрде
сүртіп шығу керек.
• Ешқашан жүктемені аспаптың ең жоғары жүк
көтеру қабілеттілігінен арттырмаңыз (► Техни-
калық сипаттамалар – 70-бет.).
• Автомобиль домкратын пайдалану бойынша
нұсқаулыққа сəйкес тек көлік құралдарын көтеру
үшін ғана пайдаланыңыз. Автомобиль домкра-
тының көлік құралы астында берік орнығуын
қадағалаңыз. Автомобиль домкратын тікелей
мақсаты бойынша пайдаланбау үлкен матери-
алдық шығын тудыруы жəне денсаулыққа зиян
келтіруі, сондай-ақ кепілдемелік кінəрат-талап-
тардың жоғалуына алып келуі мүмкін.
• Жүкті көтерер жəне түсірер алдында əрқашан
аспаптың немесе жүктің астында бөгде
адамдардың, жануарлардың немесе заттар-
дың болмауына əбден көз жеткізу қажет.
• Түсіру клапанын баяу жəне мұқият ашу керек.
Түсіру клапанын тез жəне шұғыл ашу жүктің
жылдам түсуіне əкеліп, жазатайым оқиға-
ларды тудыруы мүмкін.
• Аспапты тасымалдау үшін тек қана арнайы
тұтқаны пайдалану керек.
• Үстінде жүгі бар қосымша тіреуішке ешқашан
көлденең күштер əсер етпеуі тиіс.
• Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін мін-
детті түрде көлік құралын көтеру кезінде оны
бақылау мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.
• Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа
қоса көлік құралын өндірушінің ережелері де
сақталуы тиіс.
68
• Құрылғыда орналасқан белгілерді өшірмеңіз жəне
жаппаңыз. Құрылғыдағы оқылмайтын нұсқау-
ларды жедел түрде жаңаларымен ауыстырыңыз.
Пайдалануға кірісер алдында пайдалану
бойынша нұсқаулықты оқып шығыңыз.
Қалдық тəуекелдер
Тіпті аспапты дұрыс қолданып, осы нұсқаулықта
берілген қауіпсіздік бойынша барлық нұсқауларды
орындаған күннің өзінде мынадай қалдық тəуекел-
дер болады:
• қорғалмаған аймақта қысылып қалу қаупі.
Жеке қорғаныс құралдары
Қорғаныш аяқ киім киіңіз
Құрылғыға шолу
Автомобиль домкраты
► 3-бет., 1-тармақ
1. Роликтер
2. Тəрелке
3. Көтергіш иінтірек
4. Тұтқа
5. Қақпақ
6. Тұтқа
Астына салатын сандал
► 3-бет., 2-тармақ
7. Тірек
8. Тұғыр
9. Сақтандырғыш
10. Болтты
Жеткізілім жиынтығы
• Автомобиль домкраты
• Астына салатын сандал (2×)
• Астына салатын сыналар (2×)
• Пайдалану бойынша нұсқаулық
Монтаждау
Автомобиль домкраты
– Тұтқаны (4) сəл жайып, арнайы бұрандаларға
бекітілуіне мүмкіндік беріңіз.
Астына салатын сандал
– Сақтандырғыш сіргені (9) шығарып алыңыз.
– Болтты (10) шығарыңыз.
– Ендірмені (7) тірекке (8) қажетті биіктікке орнатыңыз.
– Болтты (10) толығымен енгізіңіз.
– Болтты (10) сақтандырғыш сіргенің (9) көме-
гімен құлап түсуден бекітіңіз.
Пайдалану
ЕСКЕРТУ! Өмір үшін қауіп бар! Жұмыс
аймағына балалар мен бөгде адамдарды
жақындатпаңыз! Аяқ-қолдарыңызды қозғалып
тұрған бөлшектерден алыс ұстаңыз! Өлім
қаупін төндіретін жарақаттар болуы мүмкін!
Inhaltsverzeichnis
loading

Verwandte Produkte für emil lux RWH-2000 A Set

Inhaltsverzeichnis