Herunterladen Diese Seite drucken

Genius GX Gaming SW-G2.1 1250 Kurzanleitung Seite 29

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 10
SW-G2.1 1250 үндеткіштерін жалғау
1. Жерсеріктік үндеткіштерді монитордың екі жағына бір-бірден орналастырыңыз.
2. Контроллердің қол жетерлік жерде болуын қамтамасыз етіңіз.
3. Дауыс зорайтқыш пен жерсеріктік үндеткіш сымдарын (A, B жəне С)
контроллердің дауыс зорайтқышына, сол жақ жəне оң жақ үндеткіш
ұяшықтарына сұғыңыз.
4. Ток көзіне қосу сымын жалғамас бұрын контроллердің ток көзіне қосу
түймешесі "off" немесе күйінде тұрғанына көз жеткізіңіз. АТ ток көзiне қосу
сымын (D) стандартты үй ішілік электр розеткасына сұғыңыз.
5. Жүйе қорегін қосу/ажырату жəне үнділік деңгейін бақылау үшін үнділік
түймешігін бұраңыз.
6. Теледидар/DVD/VCD/Home Audio/ойын консольдары үшін: (1-ші сурет)
Кабельдің (C) 3.5мм стерео штепсельді жетекші күшейткіштегі 3.5мм "AUX"
көк ұяшыққа қосыңыз, сосын қызыл/ақ түсті RCA штепсельді теледидар/
DVD/ VCD/Home Audio/ойын консольдарының екі RCA ұяшығына жалғаңыз.
7. Компьютер/MP3/CD немесе басқа стерео құрылғылар үшін: (2-ші сурет)
Аудио кабельдің (C) RCA штепсельдерін (қызыл жəне ақ) жетекші
күшейткіштегі "AUX" RCA ұяшығына қосыңыз жəне 3.5мм штепсельді жұмыс
үстелі, ноутбук, CD ойнатқыш, MP3 ойнатқыш жəне т.б. сияқты стандартты
3.5мм ұяшығын пайдаланатын аудио құрылғыларға қосыңыз.
8. Интернет телефоны үшін: (3-ші сурет)
-Стерео сымдарының 3,5 мм-лік ашаларын контроллердің микрофон
немесе AUX ұяшықтарына жалғаңыз.
-Стерео сымдарының екінші жағын дыбыстауыш тақтаға жалғаңыз.
-Құлаққап гарнитурасының ашаларын контроллердің алдыңғы жағындағы
микрофон (5) жəне құлаққап (4) ұяшықтарына жалғауға болады.
Бақылау функциясы
1. Қуат/ Volume(Үнділік): Жүйе қорегін қосу/ажырату жəне үнділік деңгейін бақылау үшін
үнділік түймешігін бұраңыз.
2. Bass: Үндеткіштің төмен жиілік деңгейін басқару үшін.
3. Қуат қосу/ажырату айғақтауышы
4. Headphone Jack: Құлаққаптан 3,5 мм-лік стерео шағын ашаны қабылдау үшін.
5. MIC ұяшығы: Құлаққаптан немесе микрофоннан 3,5 мм-лік стерео шағын ашаны
қабылдау үшін.
Ескерту
1. Барлық құрылғыларды жалғап болмайынша ток көзі ашасын қабырғадағы АТ
розеткасына жалғамаңыз.
2. Егер бұл құрылғыны ұзақ уақыт бойы іске пайдаланбайтын болсаңыз, АТ сымын суырып
тастаңыз.
3. Үндеткіштерге ештеңенiң тамшылауына не шашырауына жол бермеу керек жəне оның
үстiне ваза сияқты iшiнде сұйықтық бар заттар қойылмауын қадағалаңыз.
казахский

Werbung

loading