Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Қауіпсіздік Туралы Ақпарат - Promethean Activconnect Benutzerhandbuch

Inhaltsverzeichnis
Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 27
ActivConnect G-Series құрылғысын пайдалануға кіріспес бұрын қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықты,
бұйымды пайдалану және таңбалау нұсқаулығын оқып шығыңыз. Осы нұсқаулықты алдағы уақытта жүгіну үшін
сенімді жерде сақтаңыз.
• Тең бүйірлі үшбұрыштың ішіндегі нұсқары бар найзағайдың белгісі пайдаланушыға бұйымның корпусында
адамдар үшін электр тогының соғу қаупін тудыруға жеткілікті "қауіпті кернеудің" бар екенін көрсету үшін
арналған.
• Үшбұрыштың ішіндегі леп белгісі пайдаланушыға пайдалану және техникалық қызмет көрсету (жөндеу) бойынша
маңызды нұсқаулықтардың бар екенін көрсетуге арналған.
• Өртену немесе электр тогы соғу қаупін төмендету үшін бұл бұйымды түтіннің, жаңбырдың немесе ылғалдың
әсеріне ұшыратпаңыз!
• Электр тогымен зақымдалу қаупіне жол бермеу үшін қақпақты (немесе артқы тақтаны) алып тастаңыз. Ішінде
пайдаланушы қызмет көрсететін бөлшектер жоқ. Қызмет көрсету үшін білікті қызмет көрсетуші қызметкерлер
құрамына жүгініңіз.
• Бұл бұйым белгілі есептік шектерде пайдалану үшін құрастырылды және өндірілді және дұрыс қолданбау электр
тогының соғуына немесе өртке әкеп соғуы мүмкін.
• Promethean компаниясы өндірмеген немесе минималды талаптарға сәйкес келмейтін толымдаушыларды қолдану
жұмыс сипаттамаларының нашарлауына және кепілдік күшінің жойылуына әкеп соғуы мүмкін. Promethean
шарттары мен ережелері
• ActivConnect G-Series дисплейін пайдалану алдында корпуста физикалық зақымның жоқтығын тексеріңіз. Егер
зақым көрініп тұрса, токқа қосылуы мүмкін бөліктерден алшақ тұрыңыз.
• Ешқандай жағдайда ActivConnect G-Series дисплейінің ішкі бөліктерін ашуға тырыспаңыз. Егер сіз құрылғының
зақымдалғанын немесе ақаулы екендігін болжасаңыз, техникалық қолдаумен немесе компанияның қызмет
көрсету жөніндегі уәкілетті өкілімен кеңесіңіз.
• Электр тогы соғуы тәуекелінің немесе толымдаушылардың зақымдалуының алдын алу үшін ActivConnect G-Series
шығармас бұрын ActivConnect G-Series құрылғысын қуат көзінен ажыратыңыз.
• Корпустағы желдеткіш саңылаулар ActivConnect G-Series дисплейін қызып кетуден қорғауға арналған. Осы
саңылауларды ешқашан жаппаңыз.
• Қолды немесе басқа нысандарды желдеткіш саңылауларға немесе ActivConnect G-Series дисплейінің дабылды
қосылыстарына орнатпаңыз.
• ActivConnect G-Series дисплейіне қандай да бір сұйықтықты орналастырмаңыз, ішіне немесе беткі қабатына
құймаңыз. Құрылғының қысқа тұйықталуы өртенудің немесе электр тогы соғуының себебіне айналуы мүмкін.
• Өртену, ток соғу немесе толымдаушылардың зақымдалу себебіне айналуы мүмкін конденсацияға жол бермеу
үшін ActivConnect G-Series дисплейін ауа салқындатқыш алдына орнатпаңыз.
• ActivConnect G-Series құрылғысын батареяға немесе жылытқышқа немесе олардың жанына орнатпаңыз.
• ActivConnect G-Series жанына жеңіл тұтанатын немесе жарылу қаупі бар заттарды орналастырмаңыз.
• Үйлесімдікті қамтамасыз ету үшін әрдайым Promethean компаниясы ұсынған керек-жарақтарды пайдаланыңыз.
• Сіздің электр желіңіздің қуат розеткаларымен үйлесімді қуат кабелін ғана пайдаланыңыз. Егер сіз өз
жабдығыңыздың электрлік үйлесімдігіне сенімді болмасаңыз, құрылғыны электр қуаты желісіне қоспас бұрын
Promethean компаниясымен немесе Promethean компаниясының қызмет көрсету жөніндегі уәкілетті өкілімен
байланысыңыз.
• ActivConnect G-Series дисплейіне жақын орналасқан және жеңіл қолжетімді қабырғалық розетканы
пайдаланыңыз.
• Қуат айырын қабырғалық розеткаға тығыздап салыңыз. Қосылыстың тығыз болмауы ұшқындау себебіне айналуы
мүмкін
• Электр тогы соғуы тәуекелінің немесе толымдаушылардың зақымдалуының алдын алу үшін басқа кез-келген
кабельді қоспас бұрын ActivConnect G-Series құрылғысын қуат көзінен ажыратыңыз.
www.PrometheanWorld.com/ActivCare
ActivConnect G-Series қауіпсіздік және сәйкестік нұсқаулығы
Қауіпсіздік туралы ақпарат
сайтында қолжетімді
59
Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

G serieTp-2005-ml-v02

Inhaltsverzeichnis