ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ
KK 10
• Аспапты пайдану кезінде, оның ыстық
беттеріне қолыңызды тигізбеңіз. Ауыстырып-
қосқыштар мен тұтқаларды пайдаланыңыз.
• Жұмыста олқылықтар болған жағдайда,
аспаптың электр қорек көзінің желісіне
қосылмағанына көз жеткізіңіз. Қорек көзінің
оң жақтағы (алдыңғы панельдің артындағы)
негізгі ажыратқышын «0» қалпына бұраңыз.
Жөндеуді жүргізу үшін біздің қызмет көрсету
бөлімімізге хабарласыңыз.
• Жөндеу кезінде түпнұсқалық қосалқы
бөлшектерді ғана пайдалануды талап етіңіз.
Жоғарыда аталған шартты орындамау аспап
қауіпсіздігін кемітуі мүмкін.
• Машинаға құрамында сұйықтығы бар,
от қаупі бар заттарды немесе коррозия
тудыратын заттарды қоймаңыз.
• Кофе аксессуарларын (мысалы, кофе
дәндерін) сақтауға арналған арнай
сұйыққойманы пайдаланыңыз.
• Аспапқа ылғал қолыңызбен ешқашан
тиіспеңіз.
• Аспапты штепсель розеткасынан тікелей
өшіріңіз.
• Қорек көзінің сымын ешқашан тартпаңыз,
өйткені сіз оны зақымдап алуыңыз мүмкін.
• Аспапты толық өшіру үшін, аспаптың бүйір
жағындағы негізгі ажыратқышты «0» қалпына
(өшірілді) қойыңыз.