Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GBH 187-LI Professional Originalbetriebsanleitung Seite 214

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
214 | Қазақ
Жинау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Қосымша тұтқа
Қосымша тұтқасы (14) бар электр құралын ғана
u
пайдаланыңыз.
Қосалқы тұтқаның әрдайым мықтап тартылғанына
u
көз жеткізіңіз. Әйтпесе жұмыс кезінде электр
құралын бақылау мүмкіндігінен айырылуыңыз мүмкін.
Қосымша тұтқаны қайыру (A суретін қараңыз)
Қосымша тұтқаны (14) қозғалтып, қауіпсіз және ыңғайлы
жұмыс күйіне реттей аласыз.
– Қосымша тұтқаның (14) астыңғы бөлігін сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап, қосымша тұтқаны (14) қалаулы
күйге қайырыңыз. Содан кейін қосымша тұтқаның (14)
астыңғы бөлігін сағат тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз.
Қосымша тұтқаның кергіш таспасы корпустағы арнайы
ойықта болғанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс құралын ауыстыру
Бұрғылау патронының көмегімен SDS plus
алмалы-салмалы аспаптарын, цилиндрлік
және алты қырлы алмалы-салмалы
аспаптарды қосымша құралдарды
пайдаланбай және бұрғылау патронын
алмастырмай оңай әрі қолайлы пайдалануға болады.
Шаңнан қорғайтын қақпақ (3) жұмыс кезіндегі бұрғылау
шаңының құрал ұстағышқа кіріп кетуіне жол бермейді.
Құрылғыны орнату кезінде шаңнан қрғайтын қақпақтың
(3) зақымдалмағанын тексеріңіз.
Шаңнан қорғайтын қақпақ зақымдалса, оны дереу
u
ауыстыру керек. Оны қызмет көрсету
шеберханасында орындау ұсынылады.
Құралды алмастыру (SDS-plus)
SDS plus алмалы-салмалы аспабын енгізу (B1−B2
суреттерін қараңыз)
– Бұрғылау патронының артқы гильзасын (5) бір қолмен
мықтап ұстап тұрыңыз. Басқа қолмен алдыңғы
гильзаны (4) бұрау арқылы құрал бекіткішін толықтай
ашыңыз.
– SDS plus алмалы-салмалы аспабының жалғанатын
ұшын тазалап, аздап майлаңыз.
– SDS plus алмалы-салмалы аспабын, ол құрал
бекіткішіне автоматты түрде бекітілгенше бұрап
енгізіңіз.
– Құралды тарту арқылы оның бекітілуін тексеріп
шығыңыз.
SDS-plus-алмалы-салмалы аспабы жүйе салдарынан бос
қозғалады. Сол себептен бос айналуда радиал қағу пайда
1 609 92A 82V | (08.09.2022)
болады. Бұл ойық дұрыстығына әсер етпейді, өйткені
бұрғылау кезінде бұрғы өзін өзі ортаға дәл келтіреді.
SDS-plus-алмалы-салмалы аспабын шығару (B3
суретін қараңыз)
– Артқы гильзаны (5) артқа қарай жылжытып, SDS plus
алмалы-салмалы аспабын шығарыңыз.
Құралды алмалстыру (цилиндрлік білік, алты қырлы)
Алмалы-салмалы аспапты енгізу (C1 суретін
қараңыз)
Ескертпе: SDS-plus жоқ құралдарды соққымен бұрғылау
немесе қашау үшін пайдаланбаңыз! SDS-plus жоқ
құралдар және олардың бұрғылау патроны соққымен
бұрғылау және қашау кезінде зақымдалады.
Нұсқау: цилиндрлік білігі немесе алты қырлы білігі бар
құралдарды "Бұрғылау" жұмыс режимінде ғана
пайдаланыңыз.
Электр құралын қосу арқылы бұрғылау патронын
u
жаппаңыз. Бұрғы лақтырылуы мүмкін, жарақат алу
қаупі бар.
Нұсқау: тек 6 және 10 мм аралығындағы диаметрге ие
цилиндрлік білігі немесе алты қырлы білігі бар
құралдарды пайдаланыңыз.
– Соғуды/айналуды тоқтату қосқышын (8) "Бұрғылау"
күйіне бұраңыз.
– Бұрғылау патронының артқы гильзасын (5) бір қолмен
мықтап ұстап тұрыңыз. Басқа қолмен алдыңғы
гильзаны (4) алмалы-салмалы аспап енгізілгенше
бұрау арқылы құрал бекіткішін ашыңыз.
– Цилиндрлік немесе алты қырлы алмалы-салмалы
аспапты бұрғылау патронына енгізіңіз.
– Артқы гильзаны (5) бір қолмен ұстап тұрып, басқа
қолмен алдыңғы гильзаны (4), шерту дыбысы
естілгенше, көрсеткі бағытымен мықтап бұраңыз.
– Құралдың берік бекітілгенін тарту арқылы тексеріңіз.
Электр құралы өшірілген кезде ғана алмалы-салмалы
аспапты енгізіңіз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару (C2 суретін
қараңыз)
– Бұрғылау патронының артқы гильзасын (5) бір қолмен
мықтап ұстап тұрыңыз. Басқа қолмен алдыңғы
гильзаны (4) алмалы-салмалы аспап шығарылғанша
көрсеткі бағытымен бұрау арқылы құрал бекіткішін
ашыңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз.
Электр құралын қосу арқылы бұрғылау патронын
u
ашпаңыз. Бұрғы лақтырылуы мүмкін, жарақат алу
қаупі бар.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis