Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch AdvancedTemp Originalbetriebsanleitung Seite 326

Thermodetektor
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
326 | Қазақ
жылуды өткізетін қоңыр, күңгірт жабысқақ таспаны жабыстырыңыз. Таспаның
температурасын үстіңгі бетке қысқаша бейімдеңіз.
Мөлдір материалдар арқылы өлшеу негізінде мүмкін емес.
Өлшеу шарттары неғұрлым жақсы және тұрақты болса, өлшеу нәтижелері соғұрлым
дәл және сенімді болады.
Ауа ылғалдылығы мен қоршаған орта температурасының датчигі (4) химиялық
зиянды заттектерден, мысалы, лактар не бояулардың булануынан зақымдалуы
мүмкін. Инфрақызыл температураны өлшеу әрекетіне түтін, бу немесе шаңды ауа
әсер етеді.
Сондықтан өлшеуден бұрын, әсіресе ауа лас немесе булы болғанда, бөлмені
желдетіңіз. Мысалы, душқа түскеннен кейін ванна бөлмесінде бірден өлшемеңіз.
Бөлмені желдеткеннен біраз уақыт температурасын әдеттегі температураға
жеткенше қалпына келтіріңіз.
Қоршаған орта температурасы мен салыстырмалы ауа ылғалдылығы тікелей өлшеу
құралында ауа ылғалдылығы мен қоршаған орта температурасының датчигі (4)
арқылы өлшенеді. Сенерлік нәтижелерге қол жеткізу үшін өлшеу құралын
жылытқыштар немесе ашық сұйықтықтар сияқты кедергі көздерінің үстінен немесе
жанында ұстамаңыз. Датчикті (4) еш жағдайда үстінен жаппаңыз.
Өлшеу функциялары
Бір реттік өлшеу
Өлшеу түймесін (1) бір рет қысқаша басу арқылы лазерді қосып, бір реттік өлшеу
әрекетін таңдалған режимде іске қосасыз. Өлшеу әрекеті 1 – 2 секунд алуы мүмкін.
Өлшеу нәтижесі дисплейдің ақ түсті фоны бар аймағында көрсетіледі.
Өлшеу әрекеті аяқталғаннан кейін, лазер автоматты түрде өшіп қалады.
Дисплейде соңғы өлшеу нәтижелері көрсетіледі.
Үздіксіз өлшеу
Үздіксіз өлшеу әрекеттері үшін таңдалған режимде өлшеу түймесін (1) басып
тұрыңыз. Лазер қосылған күйде қалады. Лазер шеңберін баяу жылжыту арқылы
температурасын өлшегіңіз келетін барлық беттерге дәйекті түрде бағыттаңыз.
Ылғалдылық пен қоршаған орта температурасын өлшеу әрекеттері үшін өлшеу
құралын бөлме ішінде баяу жылжытыңыз.
Дисплейдегі индикатор және сигналдық шам (15) үздіксіз жаңартылады. Өлшеу
түймесін (1) жібергеннен кейін, өлшеу әрекеті тоқтап қалады да, лазер өшіп қалады.
Дисплейде соңғы өлшеу нәтижелері көрсетіледі. Сигналдық шам соңғы индикация
кезінде өзгеріссіз қалады.
1 609 92A 7M8 | (03.05.2022)
Bosch Power Tools

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis