Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Kärcher I 6006 Bedienungsanleitung Seite 59

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für I 6006:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Қауіп деңгейі
ҚАУІП
Ауыр жарақаттануға не
өлімге апарып соғатын
тікелей түрде түсе алатын
тəуекелге нұсқау.
ЕСКЕРТУ
Ауыр жарақаттануға не
өлімге апарып соғатын
ықтимал қауіпті жағдайларға
нұсқау.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жеңіл жарақаттануға
апарып соғатын ықтимал
қауіпті жағдайға нұсқау.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Материалдық зиянға апарып
соғатын ықтимал қауіпті
жағдайға нұсқау.
Бұйым сипаттамасы
Егер кейбір жабдықтар жоқ болса немесе
тасымалдау кезіндегі ақаулар болса, аппаратты
сатқан фирманы хабардар етіңіз.
 Суретті 2-бетте қараңыз
1
Бу ажыратқышы (төмен)
2
Қызу бақылау шамы
3
Бу ажыратқышы (жоғары)
4
Бу ажыратқышына арналған бекіткіш
5
Температураны реттегіш
6
Бу беру шлангі
7
Бу штекері
Қолдану
Нұсқау
Біз буды белсенді түрде жұтатын KÄRCHER үтіктеу
үстелін қолдануды ұсынамыз. Осы үтіктеу үстелі сіз
сатып алған аспапқа оңтайлы түрде сəйкес келеді.
Ол үтіктеу əрекетін жеңілдетеді жəне
жылдамдатады. Кез келген жағдайда буды өткізетін,
торлы негізі бар үтіктеу үстелін қолдану қажет.
Дайындық
 Бу тазалағышының бұйым розеткасының
қақпағын ашыңыз.
 Үтіктегі бу штекерін бұйымның электр
розеткасына тығыздап енгізіңіз. Сонымен қатар
штекер шертпек естілетіндей болып орнатылуы
қажет.
Ажырату үшін:
Бұйымның электр розеткасының қақпағын
төмен қарай басып, бұйымның электр
розеткасынан бу штекерін тартып алу керек.
 Бу тазалағышын нұсқаулықта сипатталғандай
іске қосыңыз.
 Бу тазалағышы дайын болғанша күтіңіз.
Барлық тоқыма бұйымдар бумен үтіктеліне алады.
Оңай күйгіш маталарды немесе басылған
өрнектерді ішкі жағынан немесе жасап
шығарушының нұсқаулары бойынша үтіктеу қажет.
Нұсқау
Осы сезімтал тоқымалар үшін KÄRCHER BE 6006
қарылуға қарсы табанын пайдалану ұсынылады.
 Үтіктегі температура реттеуішін (•••/MAX)
штрихті диапазон ішінде орнатыңыз.
 Үтіктің бақылау шамы өшкен соң, үтіктеуді
бастауға болады.
Нұсқау
Бу үтік табанында конденсат ретінде шөгіп қалмауы
жəне үтіктеп тұрған матаның үстіне тамшыламауы
үшін, үтік табаны ыстық болуы тиіс.
 Бу ажыратқышын жоғары не төмен басыңыз.
Буды интервалды жіберу: Бу ажыратқышын
басыңыз. Ажыратқыш басылып тұрған уақытта
бу шығарылады.
Ұзақ уақытты бу жіберу: Бу ажыратқышының
бекіткішін бекітілмегенше артқа тартыңыз. Бу
ұзақ шығарылады. Босату үшін бекіткішті алға
қарай басыңыз.
 Бу біркелкі кетпегенше үтіктеу басында немесе
үтіктеуді тоқтатқаннан кейін алғашқы бу ағынын
матаға туралаңыз.
 Перделерді, киімді, т. б. бумен өңдеу үшін, үтікті
тік ұстауға болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Құрғақ үтіктеу кезінде де қазанда су болуы керек.
 Үтіктегі температура реттеуішін өңделіп жатқан
киімнің затына байланысты орнатыңыз.
Синтетика
••
Жүн, жібек
••• Мақта, зығыр
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Киіміңізде басылған үтіктеу жəне тазалау туралы
ақпаратты қараңыз.
 Үтіктің бақылау шамы өшкен соң, үтіктеуді
бастауға болады.
– 2
KK
Бумен үтіктеу
Құрғақ үтіктеу
59

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis