Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GMS 100 M Professional Originalbetriebsanleitung Seite 88

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GMS 100 M Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

88 | Қазақ
Индикатор
Қуаты
0–5%
Пайдалану
Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн
u
сәулелерінен сақтаңыз.
Өлшеу құралына айрықша температура немесе
u
температура тербелулері әсер етпеуі тиіс.
Температура айырмашылықтары үлкен болса, оны
қосу алдында температурасын теңестіріңіз.
Айрықша температура немесе температура
тербелулері кезінде өлшеу құралының дәлдігі мен
дисплей көрсеткіші төменделуі мүмкін.
Өлшеу құралын қатты соққыдан немесе құлаудан
u
қорғаңыз. Қатты сыртқы әсерлерден кейін және
функциялық қабілетінде ақаулар орын алса, өлшеу
құралын өкілетті Bosch сервистік қызмет көрсету
орталығында тексертіңіз.
Өлшеу нәтижелерінің сапасы арнайы қоршау
u
жағдайында төмендеуі ықтимал. Бұларға, мысалы,
күшті электр, магнит немесе электромагнит өрісін
тудыратын құралдардың жақындығын, ылғалды,
металды қамтитын құрылыс, фольгамен оралған
тежеу материалдарының және ток өткізетін
тұсқағаздардың немесе плиткалардың болуы
жатады. Сол үшін қабырға, төбе немесе еденде
бұрғылау, аралау немесе фрезамен өңдеуден алдын
басқа мәлімет көздеріне де назар аударыңыз (мысалы,
құрылыс жоспарлары).
Өлшеуге әсер етпеу үшін өлшеу құралын тек
u
ұстауға арналған беттерінен (5) ұстаңыз.
Өлшеу құралының артқы жағындағы сенсор
u
аймағына (7) ешқайндай жапсырмалар немесе
тақтайшалар орнатпаңыз. Әсіресе металды
тақтайшалар өлшеу нәтижелеріне әсер етеді.
Өлшеу барысында қолғап киіп жүрмеңіз
және жеткілікті жерге тұйықтаудың бар
болуын қадағалаңыз. Жерге тұйықтау
жеткіліксіз болса, кернеу өткізгіш сымдарды
анықтау функциясы бұзылуы мүмкін.
Өлшеу барысында қатты электрлік,
магниттік немесе электрмагниттік
өрістерді шығаратын құрылғылардың
жанында тұрмаңыз. Мүмкіндік болса,
сәулеленуі өлшеу әрекетіне кедергі келтіре
алатын барлық құрылғыларда тиісті
функцияларды ажыратыңыз немесе
құрылғыларды өшіріңіз.
Пайдалануға ендіру
Қосу/өшіру
Өлшеу құралын қосудан алдын сенсор аймағының
u
(7) ылғал болмауына көз жеткізіңіз. Қажет болса,
өлшеу құралын шүберекпен құрғатып сүртіңіз.
1 609 92A 6V7 | (16.08.2021)
Егер өлшеу құралы қатты температура өзгерісінде
u
болса оны қосудан алдын температурасын
теңестіріңіз.
Өлшеу құралын қосу үшін қосу/өшіру түймесін (4)
басыңыз.
Өлшеу құралын өшіру үшін қосу/өшіру түймесін (4)
қайтадан басыңыз.
Егер шамамен 5 минут ішінде өлшеу құралында
ешқандай түйме басылмаса және ешбір нысан
анықталмаса, өлшеу құралы батарея зарядын үнемдеу
үшін автоматты түрде өшіп қалады.
Дыбыстық сигналды қосу/өшіру
Қосылған өлшеу құралында қосу/өшіру түймесін (4)
бірнеше секунд басу арқылы дыбыстық сигналды қосып
өшіруге болады. Дыбыстық сигнал өшіп тұрғанда,
дисплейде дыбыстық сигнал индикаторы (a) жанады.
Жұмыс істеу қағидасы (B суретін қараңыз)
Өлшеу құралы арқылы датчик аймағының (7) астыңғы
беті A өлшеу бағытымен максималды анықтау тереңдігіне
дейін зерттеледі. Қабырға материалынан айырмашылығы
бар нысандар анықталады.
Өлшеу құралын қабырға үстінен B бағытымен тік сызық
бойынша жылжытыңыз.
Өлшеу құралын әрдайым көтермеу немесе қысу күшін
өзгертпей, сәл басу арқылы астыңғы беттің үстінен
жылжытыңыз.
Өлшеу кезінде жылжымалар (6) астыңғы бетке әрдайым
тиіп тұруы керек.
Өлшеу процесі
Қосқаннан кейін, жарық сақинасы (1) жасыл түспен
жанады.
Өлшеу құралын тексерілетін бетке қойып, B бағытымен
жылжытыңыз.
– Егер өлшеу құралы нысанға жақындаса, өлшеу
құралындағы (h) амплитуда көтеріліп, жарық
сақинасы (1) сары түспен жанады.
– Өлшеу құралы нысаннан алыстаса, амплитуда
төмендейді.
– Нысан ортасының үстінде өлшеу индикаторы
максималды амплитуданы көрсетеді; жарық
сақинасы (1) қызыл түспен жанып, дыбыстық сигнал
беріледі.
Нысандар кіші болған немесе терең жатқан жағдайда,
жарық сақинасы (1) сары түспен жанып тұрады және
дыбыстық сигнал берілмейді.
Кеңірек нысандар жарық сақинасы немесе
u
дыбыстық сигнал арқылы бүкіл ені бойынша
көрсетілмейді.
Өлшеу құралы датчик ортасының астында нысанды
анықтағаннан кейін, дәлдік шкаласы (i) іске қосылады.
Нысанның орналасқан жерін дәлірек анықтау үшін өлшеу
құралын бірнеше рет (3×) нысан үстінен ары-бері
жылжытыңыз. Нысан датчик ортасының астында
орналасқан жағдайда (өлшеу индикаторында (h)
Bosch Power Tools

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis