Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch GLI 18V-800 Professional Originalbetriebsanleitung Seite 175

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 4
Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан
u
бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза
ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс
алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе зақымдалған жағдайда,
u
аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге
тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе, медициналық
көмек алыңыз. Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі
мүмкін.
Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы
u
аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді тұйықтауы мүмкін
u
қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден және
басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы
қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі бар.
u
Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол
u
арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн
жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз.
Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды.
Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау
u
құрылғысымен зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар
түріне арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану өрт
қаупін тудырады.
Аккумуляторлық шамды имплантаттардың және
кардиостимулятор немесе инсулин сорғысы сияқты басқа да
медициналық құрылғылардың жанына қоймаңыз.
Аккумуляторлық шамның магниті имплантаттардың және
медициналық құрылғылардың жұмысына әсер ететін өріс
тудырады.
Аккумуляторлық шамды магниттік дерек тасығыштар мен магнитке
u
сезімтал құрылғылардан алшақ ұстаңыз. Магнит әсері деректердің біржолата
жойылуына әкелуі мүмкін.
Bosch Power Tools
Қазақ | 175
1 609 92A 8J8 | (08.05.2023)

Werbung

loading